Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандық ғалым мұнай мен энергия көздерін үнемді пайдалану тақырыбында Израильде тәжірибеден өтті

29.11.2016

Қазақстандық ғалым мұнай мен энергия көздерін үнемді пайдалану тақырыбында Израильде тәжірибеден өтті

       Израиль мемлекетінің Машав халықаралық оқыту орталығы ғылым мен тəжірибені ұштастыратын әлемдегі сапалы орталық. Жақында аталған тренинг орталығы Қазақстан «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде таңдап алған тақырып бойынша әлемнің 25 елінен ғалымдарды шақыртып, мұнай мен энергия көздерін үнемді пайдалану тақырыбында тәжірибеден өткізді.

       Нақтырақ айтқанда, «Жасыл даму»: тұрақты даму құралы ретінде атқарылатын саяси жəне экономикалық іс шаралар» тақырыбында өткен халыкаралық тренингке Қазак экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті экономика факультетінің деканы Зиядин Саябек əлем бойынша 16 мемлекеттен іріктеп алынған 25 катысушының біреуі ретінде тәжірибеден өтті. 

       Ғалымның айтуынша, тренингтің ерекшелігі қазіргі таңда мұнай мен энергия көздерін үнемді пайдалану немесе оны алмастыратын арзан энергия көзін табу тақырыбын егжей-тегжейлі зерттеуінде болған. 

      «Бұл әлемдегі өзекті мәселе. Біздің Машавта жинаған тәжірибеміз экономика саласында оқитын студенттерге таптырмас құрал екені даусыз. Осындай әлемдік тәжірибенің уысымызға оңай түсіп, студенттерге берілуі ғылыми қазына десек болады», – деді  экономика ғылымдарының докторы Саябек Зиядин. 

      Саябек Зиядиннің айтуынша, 16 мемлекеттен жиналған ғалымдар мен білікті мамандар өз мемлекетіндегі жасыл энергия, экономика тақырыптарын да ортаға салған. 

    Тренинг барысында қатысушылар Израиль мемлекетінің ғылыми зерттеу институттарында, балабақшаларында, мектептерінде болып, олардын тәжірибелерін көрген. Сонымен қатар, халықаралық мамандардан құралған топ жасыл технологияны дамыту бойынша ғылыми жобалар жазып, оларды талқыға салды.

      «Мен Израильде ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мектепте болды. Онда 6 жастан бастап окушыға ауыл шаруашылығы туралы оқытылады. Онда балалар балабақшада өзінің болашақ мамандығын таңдап, арнайы бағытта дайындайтын мектепке барады. Сонымен қатар, болашақ энергия көздерін алмастыруға байланысты істеп жатқан өндіріс орындарында болып, инновациялық технологияларының жаңа даму барысымен танысады. Агра саладағы жеткен жетістіктері шынымен де адам таң қаларлық», – деді  С.Зиядин. 

      Алмас Мұқашұлы 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті