Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Қасиеттім - Желтоқсан!» атты концерт өтеді

30.11.2016

Алматыда «Қасиеттім - Желтоқсан!» атты концерт өтеді

    Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағында 3 желтоқсан күні ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1986 жылғы желтоқсанның 30 жылдығына орай «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт биыл үшінші рет өткелі отыр. Аталған концертте 1986 жылғы желтоқсанда алаңда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады. Шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

      Бұл ән мен жыр кешін ұйымдастырудағы басты мақсат – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында жарық көрген музыкалық шығармалар мен әндерді насихаттау. Бұл – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы әндерге арналған концерт дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

        Концертте кезінде желтоқсан алаңында шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан  тағылымы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бойтұмары – желтоқсан», «Қара  бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы», «Желтоқсан жастары маршы» және «Қайсар қазақ» сынды желтоқсан тақырыбына арналған әндер мен қатар, ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

        Концертке Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мұратбек Сарбасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Құрманбек Әлімғазы, Есет Садуақасов, Азамат Бекбергенов, Әлия Әбілқайыр, Артұр Ізтілеуов және «Аманат» тобы сынды т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

       Өткізу уақыты мен орны: Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залы, 3 желтоқсан, сағ.15.00  Келем деушілерге есік ашық! 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті