Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы чемпион атанды

02.12.2016

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы чемпион атанды

eurasia-barisi

                Желтоқсанның 1-і күні «Алматы Арена» стадионында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Ақтық сында ел командасы моңғолиялықтармен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

       Сайысқа 8 елден барлығы 130 спортшы қатысты. Жерлестеріміз алғашқы белдесуде Польша балуандарын 7:0 есебімен ойсыра ұтқан болса, жартылай финалда грузиялықтардан 6:2 есебімен басым түсті.

       Ал Моңғолия командасы бірінші кезекте тәжіктерді 4:3 есебімен ұтып, жартылай финалда Украинаны 6:2 есебімен қапы қалдырды.

        Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табысталды.

      Айта кетейік, бұл бәсекеде 55 келіде – Марат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде – Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет Пахриддинов, 90 келіде – Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде – Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.

     https://egemen.kz/2016/12/01/79875

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті