Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді

02.12.2016

Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді

     

     Алматыда 2 желтоқсан күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді.  Оны қалалық әкімдік  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық айтулы мерекесіне орай ұйымдастырып отыр.

     Жыр кешінде көрермен тек қазақстандық өнерпаздардың ғана емес, алыс-жақын түркі халықтары жыршыларының да өнерін тамашалай алады. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі қазақ жыршыларының ақсақалдары Алмас Алматов пен Амандық Көмеков бастаған жыршы-термешілерімізбен қатар, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркімен,  Қарақалпақ, Ноғай елдерінен келген жыршылар да өнер көрсетеді.

      Сахнада «Елібайдың сөз басы», Наурызбектің «Әнес сақаба»,  Майлықожаның «Ата-ананың қадірі» термесі , Бұхар жыраудың «Абылайға Бөгенбайдың өлімін естіртуі», Қарасақал Ерімбеттің «Айтамын сөздің төтесін» сынды толғау-жырлары, Жамбылдың «Домалақ ана» дастаны орындалады.

      Башқұртстаннан келген өнерпаз Рамиль Гайзуллиннің және Өзбекестаннан келген Мухаммад Эшбоевтың орындауындағы  «Көрұғлы» дастаны, қарақалпақстандық Жәнібек Пиязовтың орындауындағы «Халық термесі», қырғызстандық  Азиз Бимырзаұлының жырлауындағы «Манас» жыры» көрермен көңілінен шығары сөзсіз.

      Ноғайлардың да дәстүрлі музыкасы атадан балаға мұра боп, бүгінгі заманға жетті. Жыр сүйер қауымға жақсы таныс, ноғай халқының атақты арда азаматы Арсланбек Сұлтанбековтың орындауындағы жырлар да көңілге нұр құяды деп сенеміз.

       Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдына шықпақ. Нақтырақ айтқанда, 10 жастағы Оңғарова Арай мен 14 жастағы Мағжан Нұрбергенов және 11 жастағы Маржан Әбдірахманова ұлт мұрасының тұнығынан нәр татырмақ.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті