Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 2016 жылғы «Алтын домбыра» иегері анықталды

05.12.2016

2016 жылғы «Алтын домбыра» иегері анықталды

2016 жылғы «Алтын домбыра» иегері анықталды

       Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
      Айтыс қорытындысы бойынша, Гран-при иегері Мұхтар Ниязовқа «Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 млн теңге жүлде қоры мен қосымша Дүниежүзілік қысқы универсиада демеушілері атынан 2 млн теңге табыс етілетін болды. 
    1-орын иеленген Болатбек Оразбаевқа 2 млн теңге және Алматы қаласы әкімінің жеке өз атынан тағы 1 млн теңге табысталды. Ал екінші орынға табан тіреген Жансая Мусинаға негізгі жүлде қорынан 1 млн теңгеге және қосымша 500 мың теңге берілді. Ал 3-ші орын алған Серікзат Дүйсенғазин, Мейрамбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосынов әрқайсысы 500 мың теңгеден алды.  Ақындардың өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабек, «Дарын» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы сынды танымал ақындардан жасақталған қазылар алқасы бағалады.
     Республикалық айтыс Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Айтыстың бірінші кезеңінде Ершат Қайболдин - Сырым Əділбек, Мақсат Ақанов - Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан - Жансая Мусина, Айбек Қалиев - Мейірбек Сұлтанхан, Серікзат Дүйсенғазы -  Иран-Ғайып Күзембаев, Рүстем Қайыртайұлы - Өміржан Көпбосынов, Қалижан Білдашев - Болатбек Мейірбекұлы, Еркебұлан Қайназар - Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров - Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов - Нұрмат Мансұровтар он жұп айтысты.
     «Алдын домбыра» айтысының екінші айналымына 12 ақын өтті. Олар: Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Әміров, Өміржан Көпбосынов, Жансая Мусина, Қалижан Білдашев, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы, Болатбек Мейірбекұлы. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті