Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ермұрат Зейіпханұлын еске алу кеші өтеді

05.12.2016

Ермұрат Зейіпханұлын еске алу кеші өтеді

   

    Алматыда 7 желтоқсан күні ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, әнші, актер Ермұрат Зейіпханұлының 50 жылдығына арналған «екі дүниеде жалғызым – Қазақстан» атты еске алу кеші өтеді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекетттік академиялық драма театрында болатын бұл шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл кеште Е.Зейіпханұлының таңдаулы әндерін белгілі өнер шеберлері орындайды, сондай-ақ ақын өлеңдерінен сахналық композиция қойылады.

     Кеш қарсаңында 5 желтоқсанда «Дүпіл ғапыл» атты толық шығармалар жинағының тұсаукесері өткен болатын.

       Ермұрат Зейіпхан (1966-2011) 1966 жылы ҚХР-дың Іле аймағы Күнес ауданында дүниеге келген. Іле облыстық көркемөнер колледжінде (1985-1989),  Алматыдағы қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында (1991) акерлік мамандығында оқыды.

      Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында және  ҚР Қорғаныс министрлінінің орталық ансамблінде жұмыс жасап,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Мәдениет орталығын басқарды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде шәкірт тәрбиелеп, 70-ке жуық әннің, бірнеше жыр жинақтарының және  1 прозалық кітаптың авторы атанды.

     1993 жылы «Үкілі үміт» байқауында бас жүлде, 1994 жылы Алматы Күләш Байсейітова атындағы 5-республикалық әншілер конкурсында  лауреат, 1999 жылы Әсет Бейсеуов атындағы «Армандастар» атты республикалық байқаудың 1-жүлдесін, 2001 жылы «Жұлдыз» журналының Артығали Ыбыраев атындағы жыр мүшайрасының арнайы жүлдесін, 2005 жылы халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері болды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті