Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ел тәуелсіздгінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

06.12.2016

Ел тәуелсіздгінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 7 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

      ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 ж. 30-қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында «Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт» деп көрсеткендей, 2016 жыл – Мәңгілік ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы. Ширек ғасырға жуық уақыт аралығында тәуелсіз еліміз тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары негізінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Бүгінде дамыған 30 елдің қатарында болу мақсатында маңызды қадамдар жасау арқылы Қазақстанның сенімді болашағын қамтамасыз ету қолға алынды.

      Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында зерделеу, Тәуелсіздігімізді шыңдаған ширек ғасыр, 25 жыл аралығындағы табыстарды түйіндеу, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құру мен нығайтудағы рөлін айшықтау мақсатында өтетін конференцияда Қазақстанның егемендікке жету жолындағы толағай табыстары, Елбасының жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық идеологияның қалыптасуындағы рөлі мен қызметі баяндалып, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары мен оны баянды етудің басты мәселелері, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамырының зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістері қарастырылатын болады. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері мен әлемдік қоғамдастықтағы рөлі анықталып, тарихи жайттарды жаңа ұстанымдар негізінде пайымдау арқылы ұлттық сананы қалыптастыру, отандық тарих ғылымын «Мәңгілік ел» идеясының аясында зерделеу мәселелері сөз болады.

            Алқалы басқосуға ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, академик Рахман Алшанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік  Піралиев, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры Сәлима Құнанбаева, Вильнюс университетінің профессоры, Римантас Желвис (Литва), Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Уалихан Қалижан, Назарбаев университеті, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Александр Моррисон, Евразиялық ғылыми-зерттеу институтының  директоры Невзат Шимшек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің  бірінші проректоры, профессор Мехмет Куталмыш, профессор, ҚР ҰҒА корр.мүшесі Берекет Кәрібаев және т.б. отандық және шетелдік ғалымдар қатысады.    

     Аталмыш шара жаңа қазақстандық патриотизм, Тәуелсіз Қазақстанның толағай жетістіктерге жетудегі Елбасының рөлі мен қызметін баяндау арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру бағытындағы маңызды шара болып табылады.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті