Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қазақ елі» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

07.12.2016

«Қазақ елі» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

       

    Алматыда 12 желтоқсанда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақ елі» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Бұл қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды туынды болып отыр. Сценарий авторлары – Сағаділдә Үсіпәлиев, Бақытжан Аманәліұлы, Сәбит Әбдіқалықов. Бас продюсері – Сәбит Әбдіқалықов,  әдеби кеңесші – Дулат Исабеков, көркемдік кеңесші – Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарихи кеңесші – Жамбыл Артықбаев.

     «Қазақ елі» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап, бүгінгі жастарымыз бен келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мен елін, жерін сүйетін нағыз азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында түсірілген. Туындыда болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағынан есею жылдары туралы, шайқастың айла-тәсілі мен ғылымды меңгерудегі ізденістері, бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендері баяндалады.

      Картинадағы кейіпкерлерді Жомарт Зейнәбіл, Әсет Иманғалиев, Руслан Ахметов, Ербол Садырбаев, Нұргүл Мыңғатова, Бейбіт Камаранов, Толқын Нұрбекова, Дархан Сүлейменов, т.б. театрымыздың  артистері дыбыстады.

            Баспасөз бөлімі

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті