Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын тұғыр» жүлдесінің иесі анықталды

07.12.2016

«Алтын тұғыр» жүлдесінің иесі анықталды

20161207_112617.jpg

  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өткен ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым –алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсының жеңімпаздары марапатталды. 

        Марапаттау рәсімі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимаратының концерт залында өтті.

 Поэзия аталымы бойынша:

Ұларбек Дәлейұлы – 1-орын 500 мың теңге сыйақыны иеленді.

Дәурен Берікқажы – 2-орын 300 мың теңгені қанжығасына байласа,

Адал Қалиұлы – 3-орын 200 мың теңгемен марапатталды. 

     Үміткерлер саны көп болғандықтан ұйымдастырушылар тағайындалатын 9 жүлделі орынға қосымша 8 арнайы әдеби сыйлық қосуды ұйғарған. 

     Поэзия аталымы бойынша арнайы жүлдеге ие болғандар:

Ілияс Мұқайұлы – Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлыққа иелік етті.

Айжан Табаракқызына – Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық бұйырды.

Алтынқадыс Күнтуғанұлына – Есенқұл Жақыпбеков атындағы сыйлық табыс етілді.

Нәзерке Рамазанқызы – «Әдебиет порталының» ақын Әмірхан Балқыбек атындағы сыйлығымен марапатталды. 

 Проза аталымы бойынша:

 Өміржан Әбдіхалықұлы – 1-орын 500 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлады.

Мақсат Рамазанұлы – 2-орын 300 мың теңгені иелік етті.

Есболат Айдабосынұлы – 3-орын 200 мың теңгемен марапатталды.

 Проза аталымы бойынша арнайы жүлде:

 Асан Әлиев – Сайын Мұратбеков атындағы сыйлық,

Қанат Әбілқайыр – Тәкен Әлімқұлов атындағы сыйлық,

Мұрат Алмасбекұлы – Сәкен жүнісов атындағы сыйлыққа қол жеткізді.

 Драматургия аталымы бойынша:

 Манарбек Қыдырбай – 1-орын 500 мың теңге,

Алмас Мырзахмет – 2-орын 300 мың теңге,

Әскерхан Ақтай – 3-орын  200 мың теңгемен марапатталды.

Драматургия аталымы бойынша арнайы жүлде:

Маржан Ершу – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы сыйлыққа;

Мінәйхан Салтанат – Асқар Тоқпанов атындағы сыйлыққа,

Айсұлу Жолтайқызы – Қалтай Мұхамеджанов атындағы сыйлыққа иелік етті.

      УЛАРБЕК.jpg

 Конкурстың Гран-приі «Алтын тұғыр» жүлдесі ақын Ұларбек Дәлейұлына табыс етілді. 

        http://www.adebiportal.kz/news/altyn-t-yr-zh-ldes-n-ies-any-taldy/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті