Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ақын Қасымхан Бегманов студент-жастармен жүздесті

08.12.2016

Ақын Қасымхан Бегманов студент-жастармен жүздесті

    Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінде Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың ақыны, «Алаш» сыйлығының иегері, Жұматай Жақыпбаевтың шәкірті, ақын Қасымхан Бегмановпен студенттер кездесу кешін өткізді. Кешті факультет деканы ф.ғ.д., профессор А.Тымболова жүргізді.

     Кештің шымылдығын Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенті Жібек Орынбасарова өзінің арнау-өлеңімен әуелетіп ашты. Ары қарай сүбелі кешіміз Қасымхан аға жайлы арнайы дайындаған бейнебаянмен жалғасты.

     Қасымхан Бегманов – қазақ поэзиясында өзінше бір құбылыс әкелген дарын иесі. Айтарын іркілмей ашып айтатын, ашық айтатын, асқақ айтатын ақын. Бір жағынан, біздің ұлттық поэзиямыздағы дәстүрлі өршілдік, әлемдік әдебиеттегі романтикалық сарын, жалпы элегия, ашық-жарқындық осының барлығы Қасымхан ағаның поэзиясында қат-қабат бояу сияқты тізіліп, ақындық тұлғасын даралап тұрады. Оған дәлел – сырлы кеш барысында шырқалған терме-әндері мен оқылған жыр дестесі болды. Соған орай Қасымхан Бегмановтың «Қазағым» термесін әуезді үнімен Шаттық Уатхан орындады.Одан бөлек Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенттері Тоғжан Серікова «Ару қалам Астанам», Ұлжан Қуатбек «Ол көктем оралмайды», Таңсұлу Жанболова «Бақыттымын өзімен» сынды әдемі әнші қыздарымыз ақынның әндерін шарықтата шырқады.

      «Ақынды ақын ететін – асқақ сезімі» демеуші ме еді?! Ақын жастық шағын еске түсіріп отырып, жас кезінде бір қызды құлай сүйгенін тілге тиек етті. Өкінішке орай, ол қыз «мен тек ақындарға ғана ғашық бола аламын» деген екен. Осы жағдай Қасымхан Бегмановтың ақындығына түрткі болған секілді.

      Ақынның ақындығынан бөлек этнографтық, режиссерлік қасиеттері де жоқ емес екен. Күні бүгінге дейін Қасымхан ағаның екі этнографиялық кітабы, екі арнайы зерттемесі, бірнеше жыр кітаптары жарық көрген. Нағыз ақын, халқын құлай сүйген ер азамат осылай болса керекті...

     Ғазиз жүрегінің лүпілімен Ғаламға жар салған ақын Қасымханның азаматтық болмысына таңданбасқа шараң жоқ?! Бұл сөзімізге дәлел сол кеште ақынның өз аузынан естіген әңгімелері мен жасаған елеулі еңбектері.

     Қасымхан ағамен кездесуге асыға келген студенттер қауымы да белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап ала білді.

        Кеш соңында факультет деканы Тымболова Алтынай Оразбекқызы Қасымхан Бегмановқа арнайы сыйлық табыс етті. Өз кезегінде Қасымхан аға да белсенділік танытқан барша студент қауымды құралақан қайтармай, кітаптарын табыстады.

       Сырлы кеш әрі қызықты, әрі тартымды өтті. Мұндай мазмұнды да, мағыналы кездесу кештері студент-жастарға берер тағылымы мол болары сөзсіз.

        «Қыздар университеті»  медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті