Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Кәусар» жетiгеншiлер ансамблiнiң тұсаукесер концертi өтедi

08.12.2016

«Кәусар» жетiгеншiлер ансамблiнiң тұсаукесер концертi өтедi

      Алматыда 9 желтоқсанда Ықылас Дүкенұлы атындағы Халық музыкалық аспаптары мұражайында «Кәусар» жетiгеншiлер ансамблiнiң тұсаукесер концертi өтедi.

      Өнер ұжымының көркемдiк жетекшiсi – Нұргүл Жақыпбек. Сазды кеште Нұргүл Жақыпбектiң «Жетiген аспабының құрылымы және ойнап үйрену әдiстемесi» атты оқу-әдiстемелiк кiтабының тұсаукесерi, сондай-ақ, жетiген аспабының жаңа үлгiсiнiң тұсаукесерi болады.

      Концертте Нұргүл Жақыпбек шәкiрттерiмен бiрге жаңа жетiген аспабында халық ән-күйлерi мен жетiген аспабына лайықталған шығармаларды орындайды. Нұргүл Жақыпбек ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп келе жатқан төл дәстүрiмiздiң дамуына өз үлесiн қосу мақсатында тыңдарман қауым назарына жетiген аспабының жаңа үлгiсiн ұсынады. Ал оқу-әдiстемелiк кiтабы сиқырлы саз бен әуездi үнге толы жетiгеннiң бар байлығы мен болмысын тануға жол бередi.

       Қазiргi таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжiнде дәрiс беретiн танымал жетiгеншi, ұстаз, өнер ғылымдарының магистрi Нұргүл Жақыпбектiң шәкiрттерi – халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлерi. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті