Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Almaty Іnvest-2016» форумында Қазақстанға инвестиция салудың артықшылығы айтылды

08.12.2016

«Almaty Іnvest-2016» форумында Қазақстанға инвестиция салудың артықшылығы айтылды

         ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі ЕрланҚайыров «Almaty Іnvest-2016» форумында инвесторларға Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 

«Бізде биылғы жылдың басынан бастап, еліміздің барлық өңірінде инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты жұмыс істейді. Жыл басынан бері 4000 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде виза алудан бастап, жұмыс күшін әкелу, жер учаскелерін алу қызметтері бар», - деді Ерлан Қайыров.

      Сонымен қатар, вице-министр елімізде инвестициялық омбудсмен бар екенін де атап өтті. Бұл салада инвесторлардың пайдасы үшін сотқа дейін 60 мәселе шешілген.

«Егер сіз Қазақстан үшін жаңа тауар шығаратын болсаңыз, ол тауар экспортқа бағытталса, онда Үкімет құрылыс-монтаж жұмыстары және сіздің құрылғы бағасына қатысты шығынның 30 пайызын өтеуге дайын. Біз шетелдік жұмыс күшін құрылыс жұмыстары барысында Қазақстанға кіргізуге және құрылғыны іске қосқаннан кейін де бір жылға кіргізуге рұқсат береміз», - деді вице-министр.

     Е.Қайыров 11 жылда Қазақстан 230 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартқанын айтты, мұндағы негізгі инвестиция мұнай-газ секторына салынған. Бірақ, индустрияландыру бағдарламасына сәйкес, қазіргі шетел инвестициясы өңдеу секторына салынып жатыр.

       Айта кетейік, бүгін Алматыда Ritz-Carlton қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Almaty Іnvest-2016» форумы өтіп жатыр. Халықаралық экономикалық жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев, UBS Asset Management стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы Массимилиано Кастелии мен Sanlas hoiding компаниясының негізін қалаушы Гюнтер Небель секілді сарапшылар қатысуда. Жалпы форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, инвестициялық корпорациялар басшылары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан барлығы 500-ге тарта жоғарғы қызметтердегі мамандар келді. Форумда сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриялдық даму секілді 5 басым бағыт бойынша Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланады.

        https://baq.kz/kk/news/biznes/almaty_invest2016_foruminda_kazakstanga_investitsiya_saludin_artikshiligi_aitildi20161208_130600 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті