Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 28 Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасының әнұраны

09.12.2016

28 Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасының әнұраны

     Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиада-2017 Алау эстафетасының әнұраны бекітілді.

        Әнұран музыкасының авторы – белгілі сазгер, халықаралық жүлделердің лауреаты, Еуразия мәдениет қорының президенті Ерұлан Қанапиянов. Әнұран сөздерін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев жазды. Әнұранды «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы және Медет Шотабаев орындады. Сондай-ақ, әнұранды жазуға «Арт-Вокал» тобы атсалысты.

        Сазгер   Ерұлан Қанапиянов әнұран авторларының атынан келесідей ойын жеткізді: «Әнұранды шығару кезінде біз Қазақстанда, біздің сұлу қаламыз Алматыда әлемдік деңгейдегі аса маңызды спорт жарыстары өтетіндігінен шабыт алдық. Біздің мегаполиске мыңдаған спортшы, спорт әуеқойлары мен туристер келмек. Олар біздің табиғатымызға тәнті болып, алматылықтардың қонақжайлығына жоғары бағасын беретіндігіне сенімдімін. Өткізілейін деп отырған Универсиада көптеген жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырады деп үміттенемін».

        Әнұранды орындаушы Майра Мұхамедқызы  Instagram-дағы парақшасында былай деп жазды: «Маған осы керемет әнді орындауды ұсынған кезде ол маған бірден ұнады. Ал ән жаныңа жақын болса, оны өз жүрегіңнен өткізбей орындау мүмкін емес!”

        Алау эстафетасының әнұраны 2017 жылдың 25 қаңтарында Астанадағы Назарбаев Университетінде өткізілетін Алауды тұтату салтанатында, сондай-ақ, Қазақстанның бүкіл аймақтарында өткізілетін эстафетаның келесі кезеңдерінде шырқалатын болады.

**** 

        Анықтама: 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.

 

 ҚАНАТЫҢДЫ КЕҢ СЕРПІ!  

28 Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасының әнұраны

 1.     Спортшылар! Елің сәлем жолдайды,              

         Жеңіске жет жеңілуге болмайды,                                                  

         Туған Елің бәрі саған жанкүйер,

         Уа, Қырандар! Халқың сені қолдайды.

 

қайырмасы:

Қырандайын қанатыңды кең серпі!                                             

Сұңқардайын қанатыңды кең серпі!

Спортшылар! Төріне шық сенімнің!

Шырқата бер, әнұранын еліңнің!

     2.     Алатау мен Алматының алдында,                                                                                    Универсиада алау оты жандың ба,          

             Бар әлемге жарыс бүгін сын сағат,                                                  

             Жер жаһаным бар күшіңді салдың ба?

 

қайырмасы:

Қырандайын қанатыңды кең серпі!                                           

Сұңқардайын қанатыңды кең серпі!

Спортшылар! Төріне шық сенімнің!

Шырқата бер, әнұранын еліңнің!    

 

эпизод

Қанатыңды кең серпі, жас сұңқар.

Spread your wings, spread your wings, young falcon.

Юный сокол, ты расправь свои крылья.

Қанатыңды кең серпі, жас сұңқар.

 3.     Өз Еліңнің батырлары бола алдың,                                                   

         Туған халқың құшағына орандың,  

         Отаныңның туын көкке көтеріп,                                                        

         Сайыпқыран жеңіспенен оралдың!

 

қайырмасы: 

Қырандайын қанатыңды кең серпі!                                             

Сұңқардайын қанатыңды кең серпі!

Спортшылар! Төріне шық сенімнің!

Шырқата бер, әнұранын еліңнің!              

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті