Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий 5 жылға ұзартылды

09.12.2016

Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий 5 жылға ұзартылды

Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий 5 жылға ұзартылды       

        Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы»  ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

      «Жер саласында туындаған сұрақтарға байланысты кезінде осы мәселені қарау үшін, қоғамда туындаған пікірлерді ескере отырып, арнайы Жер туралы комиссия құрылған болатын. Осы комиссия өз жұмысы барысында күнтәртібіндегі тақырыптарды қарау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жекеменшікке сату, шетелдіктерге жалға беру мәселелерін қамтыды»,  деп еске салып өтті аталған заң жобасын таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

     Осы ретте жер саласындағы проблеманы жер комиссиясы қараған кезде ауыл шаруашылығы саласындағы жерлердің деректі қорын жасау, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық құнын қайта қарау мәселелері көтерілген.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған сәйкес, жер комиссиясы Мемлекет басшысына ұсыныспен шықты. Ол ұсыныс ҚР Президенті тарапынан қолдау тауып, арнайы Жарлықпен 2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылып отыр.

     «Сіздерге енгізілген заң жобасында осы бір ғана мәселені көздейді, яғни мораторий мерзімін бес жылға ұзартуды ескеріп отыр», - деді Мырзахметов.

      Айта кетейік, заң жобасы Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 18 тамызында қабылдаған Жарлығына сәйкес енгізіліп отыр. Жер реформасына байланысты қабылданған кейбір шешімдердің қоғамдық пікір тудыруына орай орын алған проблемаларды талқылай келе, мораторий жарияланған болатын. Оған орай үстіміздегі жылы 30 маусымда тиісті Заң қабылдады. Сол Заңда мораторийдің мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген еді.   


http://www.inform.kz/kz/zher-kodeksinin-keybir-normalaryna-engizilgen-moratoriy-5-zhylga-uzartyldy_a2978299

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті