Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда 25 жас ақынның «Атамекен жыр-әнім, Тәуелсіздік ұраным» атты жыр кеші өтті

12.12.2016

Алматыда 25 жас ақынның «Атамекен жыр-әнім, Тәуелсіздік ұраным» атты жыр кеші өтті

    Алматыдағы Әдебиетшілер үйінде 11 желтоқсан күні 25 жас қазақ ақынының «Тәуелсіздік – ұраным, Атамекен – жыр әнім»  атты республикалық жыр кеші өтті.

      «Бүгін үлкен шара қолға алынып отыр. Осы дәстүр жалғаса берсін. Біз де әдебиетке осындай шаралар арқылы  қадам басқанбыз. Шығармашылық иесінің жасаған дүниесіне лайықты қаламақы алып, ол халыққа жетуі керек. Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің бастауымен қаламақы мәселесі шешілейін деп жатыр.  Болашақта осында оқылған өлеңдерді кітап қылып басып шығару қолға алынбақ», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев кештің ашылу рәсімінде. Оны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған болатын. Ол  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналып отыр. Алдағы жылы атап өтілетін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл кештің қатысушылар түгелдей дерлік шетелден келген қандастарымыз болды.          

     Ел тәуелсіздігін ұлықтау,  егемендікті жырлау,  жастарды отансүйгіштік пен  патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткелі отырған бұл шараға қатысушылардың кейбірі Қытайдан арнайы келді. Онда әр ақын өзінің 2 өлеңін оқып, кеш соңында барлық қатысушылар  Алғыс хатпен марапатталды. 

          Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті