Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Зардыхан Қинаятұлын еске алу кеші өтеді

12.12.2016

Зардыхан Қинаятұлын еске алу кеші өтеді

   Алматыда 14 желтоқсанда Ғылым ордасының кітапханасында тарих ғылымдарының докторы Зардыхан Қинаятұлын еске алу кеші өтеді. Оны Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ұйымдастырып отыр. Бұл шара IV Нүсіпбеков оқулары аясында болады.  

      Зардыхан Қинаятұлы 1940 жылы Моңғолияның Қобда ауданында туып, 2016 жылы қараша айында Алматыда көз жұмған болатын. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975-87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990-92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия Парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Моңғолияның жаңа Констициясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі. 1987 жылы тарих ғылымының докторы, 1991 жылы профессор атанған З.Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін  Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында қызмет атқарды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті