Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті

12.12.2016

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті

         Тынық мұхит альянсының мемлекеттері – Чили, Мексика, Перу, Колумбия мен Барбадос «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады. Демек, көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті.

         Көрмеге қатысатындығын енді растаған  мемлекеттерінің пікірінше, оның «Болашақ энергиясы» тақырыбы Тынық мұхиты альянсы мемлекеттері үшін өзекті. Өйткені, онда баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін белсенді түрде зерттеуде. Мысалы, тау кен қазу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Чили мемлекеті күн және жел энергиясын жиі пайдалануға көшуде. Сонымен қатар, Перу - Гидроэнергетикалық ресурс, табиғи газ, газдық конденсат қорының мейлінше мол екендігіне қарамастан күн, жел және геотермалды энергияны пайдалану саласын жетілдіруде. Колумбия – күн энергиясы негізінде өз автокөлігін шығарған мемлекет, оның сондай-ақ, баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды әлеуеті бар. Мексика – мұнайөндіруші мемлекет әрі энергияның жаңа көздерін табуда белсенді іздестірулер жүргізуде.

         Аталған өңірде БЭК (ВИЭ) өндіруде әлемдік лидер танылған – Коста-Рика да орналасқан. Олар баламалы энергия көздерінің 90 пайызын пайдаланады.         

                                                * * *

   «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.

      Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті