Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қырғызстанда «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты жиын өтті

13.12.2016

Қырғызстанда «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты жиын өтті

      «Қырғызстан қазақтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Бішкекте «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты дөңгелек үстел жиынын өткізді.

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданып, Қазақстан заңды түрде рәсімделген егемен ел мәртебесін алған болатын. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың беделді мүшелерінің біріне айналды. Ширек ғасырдың ішінде дүниежүзіндегі озық 50 елдің қатарына қосылып, «2030 жылға дейінгі даму стратегиясын» мерзімінен бұрын жүзеге асырып отыр.  Келешекте енді ең алдыңғы 30 мемлекеттің біріне айналып, «Мәңгілік Ел» болуды алдына басты мұраты етіп қойып отыр.

     Қазақстанның 25 жылдығына арналған мұндай шаралар қазір шетелдегі қандастарымыздың қатысуымен әлемнің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Оған осы елдердегі ұлттық-мәдени орталықтар мен дипломатиялық өкілдіктер және жастардық түрлі жерлестік ұйымдары ұйтқы болуда. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті