Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әлем қазақтары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

20.12.2016

Әлем қазақтары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына шетелдегі қазақ диаспораларынан жолданған құттықтау хаттар легі әлі толастамай отыр.

      Мәселен, Белоруссиядағы қазақ диаспорасының «Ата-мекен» қоғамдық бірлестігі: «Құрметті бауырлар! Ардақты ағайын! Сіздерге барлық сәттіліктерді және бейбітшілік, азаттық және гүлдену жағдайындағы бақытты болашақ тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемнге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!»  деп жазыпты. Ал Қырғызстан қазақтары қауымдастығынан атынан Назарбек Байжігіт:

«Құтты болсын, бауырлар, Тәуелсіздік!

Тарих – мұхит, тәуелсіз қанша жүздік.

Қазақстан қарыштап алға басып,

Отыз елге қосылсын әлемде үздік!

 

Құтты болсын, бауырлар, Тәуелсіздік!

Жиырма бес жыл! Елу жыл, келсін жүздік.

Лүпілдеп жүрек соқса: «қазақпын!» деп,

Жат жерде де мереке болар біздік!», – деген  өлең жолдарын арнапты. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті