Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтеді

21.12.2016

«ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтеді

      Алматыда  22 желтоқсан күні Достық үйінде Халықаралық Қазақ тілі қоғамы мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесері және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттау рәсімі өтеді.

       1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында өткен Түркітілдес елдердің мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің шешімімен құрылып, 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы төрағалық ететін Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ қазақ мәдениетінің әлемдік аренада танылып, түркітілдес халықтар арасындағы мәдени байланыстардың барлық салада да қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ, халықаралық ұйым қазақ елінде туысқан түркі жұртының белгілі қайраткерлерінің, өнер тұлғаларының, мәдени туындыларының насихатталуына да атсалысты.

      Биыл ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы бауырлас түркітілдес мемлекеттер – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның Тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арнап, ұйымның осы жылдар ішінде ұйымдастырған мәдениет саласындағы ынтымақтастық шаралары туралы кітаптар сериясын дайындады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабына халықаралық ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңінде қазақ мәдениетіне қатысты түркі тілдес елдерде ұйымдастырған іс-шаралары туралы ақпараттар мен мәліметтер жинақталды. Жинақты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі А.Тұрғанбаев құрастырды.

      ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы біршама уақыттан бері жыл соңында мерейтойларының құрметіне белгілі мәдениет қайраткерлерін марапаттауды дәстүрге айналдырды. Аталған жиында да қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген бір топ қаламгерлер мен өнер қайраткерлерін марапаттау рәсімі өткізіледі. Жиынға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Президенті Өмірзақ Айтбай, Евразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек, қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен өнерсүйер көпшілік қатысады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті