Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талдықорғанда жыршы-термеші Әбіш Әділбековтің «Тарихқа тағзым» атты жыр кеші өтеді

21.12.2016

Талдықорғанда жыршы-термеші Әбіш Әділбековтің «Тарихқа тағзым» атты жыр кеші өтеді

       Ерлік Кебекбай суреті.

      Талдықорған қаласында 22 желтоқсанда Достық үйінде Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Еуропа елдерінде қазақтың жыршылық дәстүрін дәріптеп жүрген жетісулық жыршы-термеші Әбіш Әділбековтің «Тарихқа тағзым» атты жыр кеші өтеді.  

       Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кештің өтуіне Алматы облысының әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы және «Жетісу» телеарнасы қолдау көрсетіп отыр.  Әбіш Әділбековтің бұл жыр кешінің қонақтарының арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамағат Темірғалиев, Ермұрат Үсенов, Рамазан Стамғазиев, халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері, дәулескер күйші Бекболат Әбдіберікұлы бар.

       Ә.Әділбеков қазіргі әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі. Ол өз мамандығы бойынша қызмет жасап,  зейнетке шыққан соң домбырасын қолына алып, халқымыздың дәстүрлі жыршылық-термешілік өнерінің  насихаттаушысына айналып, ел ішін аралап, өнен туындыларын зерттеуге шындап бет бұрған болатын. жолында жемісті еңбек атқаруда. Соның нәтижесінде 2014 жылы «Ұлт рухы», 2015 жылы «Ғасырлар үні» атты үнтаспалары жарық көріп, өз тыңдармандарына жол тартты.

          Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті