Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Таразда клубтық командалар арасында ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы үшін жарыс өтіп жатыр

21.12.2016

Таразда клубтық командалар арасында ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы үшін жарыс өтіп жатыр

      Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 21 желтоқсан күні Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогына өтуде. Федерация кубогына еліміз бойынша тоғыз клубтық команда қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекетттік және жеке спорт клубтары бар. Бекітілген регламент бойынша жарысқа 18 жасқа толған балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша клуб сапында қатыса алады. Турнир «бетпе-бет» олимпиадалық сызбасы бойынша өтеді.

         Кубоктың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл еліміз бойынша жүлде қорының қомақтылығы жағынан алғашқы үштікке кіретін жоба болып есептеледі.

1 орын  - 10  000 000 (он миллион) теңге

2 орын - 6 000 000 (алтымиллион) теңге

3 орын - 4 000 000 (төрт миллион) теңге

       Клубтық командалар арасында өтетін турнирде «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» турнирі арқылы көпшілікке кеңінен танымал балуандар өз аймағының намысын қорғайды. Мысалы, Жамбыл облысынан – қазақ күресінен Әлем чемпиондары Айбол Айтбек, Дәулет Пахриденов күш сынасады.   Семей қаласынан былтырғы өткен Кубок жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Айдос Сейпілұлы сынды балуандар қатысады. Қарағанды облысынан «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлдегерлері - Асыл Барменов, Ержан Шынкеев те күреседі. Астана қаласының «Елорда батыры» клубының қатарында Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен, Бағдәулет Сәбитов балуандар сынға түседі. Алматы қаласының «Qazaq kuresi» клубынан - Руслан Әбдіразақов («Қазақстан Барысының» 2 дүркін жүлдегері), Əлем чемпионы Әбзал Арыстанбеков, екі дүркін «Еуразия Барысы» Марат Нығматұллаев белдеседі.

 Қатысушы клубтар:

1. «Qazaq kuresi» клубы - Алматы қаласы.

2. «Елорда батыры» қазақ күресі спорт клубы  - Астана қаласы.

3. «ЗАК КАР» қазақ күресі спорт клубы - Қарағанды қаласы.

4. Қайырбаев атындағы ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша спорт клубы – Павлодар қаласы.

5. Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клубы – Семей қаласы

6. «Тарбағатай» қазақ күресі спорт клубы - Шығыс Қазақстан облысы.

7. Жамбыл облысының қазақ күресі клубы – Тараз қаласы.

8. «Алакөл» қазақ күресі клубы – Алматы облысы.  

9. «Сапа-Арена» спорттық клубы – Талдықорған қаласы.

     Кубокты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы.

Бас серіктес:  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Әлеуметтік серіктес: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры

Ақпараттық серіктес: «Қазақстан» РТРК: KazSport телеарнасы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті