Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық «Бас мешіт» мәртебесі берілді

26.12.2016

«Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық «Бас мешіт» мәртебесі берілді

        «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық «Бас мешіт» деген айрықша мәртебе берілді. Бұл туралы бүгін жұма намазында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мәлім етті.

         «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыда өткен мәжілісінде «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық «Бас мешіт» деген айрықша мәртебе беру туралы шешім қабылданып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы шықты. Осы шешімді қабылдауға қолдау білдірген барша діни қауымға, дін қайраткерлеріне ризашылығымды білдіремін. Мешітімізде көптеген республикалық іс-шаралар, ғылыми конференциялар, семинарлар, қайырымдылық акциялар өтіп тұрады. Мешіт елімізге танымал, беделді теологтардың, дін қайраткерлерінің, облыстардағы бас имамдардың ортақ мінберіне айналды. Мешіт жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы еліміздің ақпараттық рухани-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасып, жамағаттың аудио, видео уағыздарға деген сұранысын қанағаттандырып келеді. Сондай-ақ елімізге келген шетелдік туристер, делегациялар  мешітімізге жиі бас сұғады. Қазақстанның түрлі аймақтарынан келіп зиярат жасаушардың да қарасы көп. Ләйім, Алла берекесін берсін! Жұма мүбарак болсын!», деді бас имам.

        Естеріңізге сала кетсек, «Әзірет Сұлтан» 2012 жылдың 6 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Көлемі мен көркемдігі жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ мешіт, елімізге ресми сапармен келетін шетелдік мемлекеттердің ірі тұлғаларының арнайы зиярат ететін Қазақстандағы ең көрікті ғимараттардың тізіміне енген.

       https://www.egemen.kz/2016/12/23/86404

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті