Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматылық палуандар — Федерация кубогының иегері

26.12.2016

Алматылық палуандар — Федерация кубогының иегері

%d0%ba%d0%b0%d0%b7-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81-222-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

        Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен Федерация кубогы респуб­ликалық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз Аренада» өтті. Жалпы жүлде қоры 20 млн. теңге болған ұлттық күрес додасына Қазақстанның үздік 10 командасы қатысты. Турнирге оңтүстік астанадан «Алматы «Qazaq kuresі» спорт клубы» қатысты. Республикалық турнир «олимпиадалық жүйемен», сегіз салмақ категориясы бойынша өтті. Яғни, екеуара сайыста жеңілген команда жарыстан шығып отырды.

      Жарысты «Тарбағатай. Өскемен» командасымен «жекпе жекте» бастаған Алматы командасы жеңістен соң, жартылай финалда «Жамбыл қазақ күресі» командасы палуандарынан басым болды. «Алматы «Qazaq kuresі»  командасы ақтық айқасқа «СМУСК. Семей» палуандар командасымен шықты. Финалда Алматыдан барған Қазақ күресі шеберлері басым болып, Қазақ күресі федерациясы кубогы иегерлері атанды.

        Бұл шаһар басшысы Б.Байбек президенті болып табылатын Алматы қаласы «Қазақ күресі» федерациясы палуандарының командалық ірі жеңісі. Алматылық «Қазақ күресі» шеберлері жекелей сында көптеген ірі жарыстарда олжа салып жүргені рас. Жалпы, оңтүстік астанада ұлттық күресіміздің өркендеп, дамуына барлық жағдай жасалған.

        http://almaty-akshamy.kz/2016/12/23 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті