Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Театрда «Мани-Мани» болады

26.12.2016

Театрда «Мани-Мани» болады

        Алматыдағы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында  27-28 желтоқсан күндері Р.Кунидің  «Мани-Мани»  комедиясының премьерасы болады.

    Ө.Мұқай аудармасымен қойылатын есімі әлемге танымал ағылшын комедиографының бұл туындысының қоюшы-режиссері Е.Нұртазин, қоюшы-суретшісі    К.Құрманбекова, киім үлгісін жасаған    Н.Тоқжанова, композиторы    Е.Нариманұлы. Ал режиссердің ассистенті    Е.Бектасов,  көмекшісі   А.Қабдешова.

         Рей Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады.  Дипломаттағы 75 млн. фунт стерлингті  өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.  Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?.. 

         Баспасөз қызметі бөлімі 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті