Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шаңғы және биатлон спортынан Универсиадаға қатысатын спортшылар анықталды

27.12.2016

Шаңғы және биатлон спортынан Универсиадаға қатысатын спортшылар анықталды

Шаңғы және биатлон спортынан Универсиадаға қатысатын спортшылар анықталды

       Кеше «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде  шаңғы жарысынан ҚР  ашық кубогы өз мәресіне жетті. Бұл 2017 жылы Алатау баурайында  алауы тұтанатын қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс болып табылады. Еліміздің 10 аймағынан жиналған 100-ге жуық  спортшы үш  күн бойы өзара мықтыны анықтады.         Кеше жарыс жолына шыққан  шаңғышылар  Спринт (классикалық) бағдарламасы бойынша бақ сынады. Нәтижесінде,  қыздар  арасындағы бәсекеде  Елена Коломина жеңіс тұғырынан көрінсе, Анна Шевченко екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Ирина Быкова қорытындылады.
      Ерлер арасында Ақмола облысының спортшысы Денис Волотка алтыннан алқа тақса, Константин Борцов күміспен күптелді. Бұл екі спортшы 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиада ойындарына жолдама алды.  Ал Әсет Дүйсенов қоланы қанағат тұтты.
       Сонымен қатар, биатлоннан ҚР чемпионатының 3-ші жарыс күні өтті.  Жарыс жолына шыққан әйелдер мен юниорлар із кесу жарысы (пасьют) бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, 10 км  шақырымдық жарыста  әйелдер  арасында  Шығыс Қазақстан  облысының өкілі Галина Вишневская жеңіс тұғырынан көрінсе, Дарья Усанова екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Анастасия Кондратьева қорытындылады. Юниорлар арасында алтын алқаны Елизавета Бельченко жеңіп алса, Людмила Ахатова мен Евгения Красикова сәйкесінше күміс және қола жүлдегер атанды.
       Жарысқа қатысушылардың жинаған ұпайлары: Биатлон
     Әйелдер арасында (ізге түсу жарысы (пасьют), 10 км): 1. Галина Вишневская (ШҚО) - 33:19 2. Дарья Усанова (Павлодар) - 36:19 3. Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) - 38:50 4. Алина Райкова (Ақмола облысы) - 40:35 5. Марина Ходкова (Ақмола облысы) - 42:24 6. Александра Авдонат (ШҚО) - 54:59 7. Кристина Шмидт (ШҚО) - 57:49 8. Екатерина Соковнина (ШҚО) - 62:45 9. Елена Хрусталева (Алматы облысы) - шықпады 10. Анна Кистанова (Ақмола облысы) - шықпады.
       Юниорлар: 1. Елизавета Бельченко (ШҚО) - 36:33 2. Людмила Ахатова (Карағанды облысы) - 40:19 3. Евгения Красикова (ШҚО) - 43:45 4. Ангелина Борисова (ШҚО) - 43:57 5. Изабелла Парманова (Ақмола облысы) - 47:50 6. Надежда Пивоварова (Алматы облысы) - 49:07 7. Ульяна Куркина (Павлодар) - 51:32 8. Оксана Чулкова (ШҚО) - 51:39 9. Кристина Титиевская (ШҚО) - 51:57 10. Арина Шешукова (ШҚО) - 52:39
      Шаңғы жарысы
     Қыздар: 1. Елена Коломина (ШҚО) - 03:46,75 2. Анна Шевченко (Павлодар облысы) - 03:48,39 3. Ирина Быкова (Павлодар облысы) - 03:50,96 4. Гульсина Кадирова (Ақмола облысы) - 04:05,96 5. Анна Варфоломеева (Қостанай облысы) - 04:07,86 6. Анна Мельник (Ақмола облысы) - 04:08,00 7. Наталья Соколовская (Ақмола облысы) - 04:09,33 8. Марина Гришко (Алматы) - 04:14,83 9. Елизавета Селезнева (Қостанай облысы) - 04:16,95 10. Наталья Черных (Қостанай облысы) - 04:17,09
      Ерлер арасында: 1. Денис Волотка (Ақмола облысы) - 03:47,21 2. Константин Борцов (Ақмола облысы) - 03:56,45 3. Асет Дюсенов (ШҚО) - 04:01,93 4. Виталий Пухкало (Қостанай облысы) - 04:06,71 5. Дмитрий Коломеец (Ақмола облысы) - 03:54,54 6. Руслан Жолдаспаев (Ақмола облысы) - 04:12,48 7. Даулет Рахимбаев (Алматы) - 04:05,59 8. Владислав Ковалев (Қостанай облысы) - 04:18,26 9. Александр Воробьев (Алматы) - 04:07,27 10. Аскар Нуркен (Ақтөбе облысы) - 04:12,44
       Сонымен қатар, 28-ші қысқы Универсиада ойындарына қатысатын спортшылардын есімдері:
       Шаңғы жарысы
      Қыздар: 1. Анна Шевченко (Павлодар облысы) 2. Ирина Быкова (Павлодар облысы) 3. Анна Стоян (Қарағанды облысы) 4. Ольга Мандрика (Ақмола облысы) 5. Анжелика Тарасова (ШҚО) 6. Валентина Эбель (Ақмола облысы) 7. Ангелина Шурыга (Алматы) 8. Валерия Тюльенова, Дария Режко және Наталья Соколовская (Ақмола облысы)  - үміткерлер.
      Ерлер: 1. Александр Малышев (ШҚО) 2. Сергей Малышев (ШҚО) 3. Олжас Климин (Ақмола облысы) 4. Виталий Пухкало (Қостанай облысы) 5. Иван Люфт (ШҚО) 6. Константин Борцов (Ақмола облысы) 7. Ринат Мухин 8. Асет Дюсенов (ШҚО), Наиль Башмаков (Алматы) және Евгений Бондаренко (Костанай облысы) - үміткерлер.                   Биатлон
    Қыздар: 1. Галина Вишневская (ШҚО) 2. Дарья Усанова (Павлодар) 3. Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) 4. Алина Райкова (Ақмола облысы) 5. Анна Кистанова (Ақмола облысы) 6. Елизавета Бельченко (ШҚО) 7. Александра Сасина (Павлодар облысы) 8. Людмила Ахатова (Қарағанды облысы) және Алина Слепенко (Ақмола облысы) - үміткерлер.
      Ерлер: 1. Василий Подкорытов (ВКО) 2. Антон Пантов (Павлодар облысы) 3. Максим Браун (Павлодар облысы) 4. Тимур Куц (Павлодар облысы) 5. Роман Еремин (Ақмола облысы) 6. Тимур Хамитгатин (Ақмола облысы) 7. Владислав Витенко (ШҚО) 8. Илья Сирик (Ақмола облысы)

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті