Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақтың бас театрының репертуары тағы бір аударма қойылыммен толықты

29.12.2016

Қазақтың бас театрының репертуары тағы бір аударма қойылыммен толықты

       

    Алматыдағы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры  27-28 желтоқсан күндері  Р.Кунидің  «Мани-маи»  комедиясының тұсауын кесті. Бұл қазақтың бас театрының 91-маусымында көрермен назарына ұсынған екінші жаңа қойылымы. Қазіргі таңда оның репертуарындағы қойлымдардың жалпы саны – 45, ал оның 17-сі аударма. Сондықтан жаңа қойылымның премьерасы өтеді деген кезде өзге көрермен сияқты мен де бірден елең етіп, оның авторы, қоюшы режиссері мен атауына назар аудардым.

       Ағылшындық драматург, актер және сценарист Рэй Кунидың (Рэймонд Джордж Альфред) бұл қазақ театрларының сахнасында қойылып отырған алғашқы туындысы   емес. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық М.,Әеузов атындағы қазақ сазды-драма театры 2015 жылы  «Ашы­на. Балкон. Өлік», 2014 жыл Оңтүстік Қазақстан облыстық  әзіл-сықақ және сатира театры «Он үшінші нөмір» атты қойылымын жұртшылыққа ұсынған болатын.

        Есләм Нұртазиннің режиссерлігімен Алматы қаласының тұрғындары қонақтарына ұсынылып отырған «Мани-мани» комедиясы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуарын байытатын аса құнды туынды болды деу қиын. Республиканың түкпір-түкпіріндегі облыстық, қалалық деңгейдегі бүкіл қазақ театрларына үлгі-өнеге болуға тиіс өнер ордасы көрерменнің талғамы мен рухани көкжиегін кеңейтуге қаншалықты әсер еткенін өнер зерттеушілер алдағы уақытта айта жатар.  Біздің қазіргі міндетіміз көрермен мен театр зерттеушілеріне ой салу, олардың өзара пікір алмасуына түрткі болу.

      Комедияда Генри Перкинс (А.Боранбай) есімді кейіпкердің жұмыстан қайтып келе жатып метрода байқаусыз өзінің шабаданын ішіне 1 млн. 750 мың фунт стерлинг салынған өзге адамның шабаданымен алмастырып алып кетуінен кейінгі оқиғалар баяндалады. Оған қатысатын Генридің әйелі Генри Перкинс (Б.Қажынәбиева,  А.Бақытжанова), таныстары ерлі-зайыпты Виктор мен Бетти Джонсон (Ж.Толғанбай, С.Бақаева), таксист Билл (Е. Тұрысов, Д.Анарбай), полиция қызметкері Дэвенпорт (Ж.Байсалбеков), қылмыстық істер бойынша инспектор Слейтонның (Е.Бектасов) іс-әрекеттері еріксіз күлкі тудырады. Актерлар өзіне тапсырылған рөлді барынша сәтті ойнап шыққанымен, оқиғалар желісіндегі кейбір тұстар көрерменнің езуіне күлкі шақыру үшін жасалғаны бірден аңғарылады. 

    Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті