Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасынан тарихты емес, ұлттық рухты іздеген жөн

29.12.2016

«Қазақ елі» сериалының кинонұсқасынан тарихты емес, ұлттық рухты іздеген жөн

      Қаңтар айының 5-інен бастап Қазақстанның кинопрокатында «Алмас қылыш» көркем фильмі көрермен назарына ұсынылғалы отыр. «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы «Centaurus production» ЖШС-нің қатысумен түсірді. Қоюшы-режиссері Рүстем Әбдірашов, сценарий авторлары Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов. Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов, Жаннат Баймұқанов. Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников және Андрей Маслов. Бас продюсері Арман Әсенов, композиторы Әбілқайыр Әбдіраш. Басты рөлдерді Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхпан Жолжақсынов, Иісбек Әбілжанов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Дінмұхамед Ақымов сомдаған. 

       Ең алғаш түсіріле бастаған-ақ кезде-ақ бұл туынды  түрлі пікірталасқа түрткі болған болатын. Ол қаржыландыру мәселесінен басталып, фильмнің түсіру жұмыстары аяқталып, БАҚ өкілдерінен арналған алғашқы көрсетілімдері кезінде тіпті ушыға түсті. Оны 27 желтоқсан күні Бекмамбетов кинотеатрында өткен кезекті көрсетілімі кезінде Смағұл Елубай өзі де айтып, кейбір сауалдарға жауап бере келіп, "бұл ұлы тарихқа кіріспе. Алдағы уақытта оның жалғасын түсірсек деген арманымыз бар" деген ойларын жеткізді.

       Онда фильмді көруге арнайы шақырылған Қазақ хандығы дәуірінің маманы, тарихшы Берекет Кәрібаев: Ілияс Есенберлин «Алмас қылышының» желісі бойынша түсірілген екен. Ол 1950-60 жылдары өте керемет болды. Өйткені қазақтың орта ғасырлық тарихнамасы  сол деңгейде болатын. Одан бергі 60 жылда тарих ғылымы айтарлықтай дамып кетті. Біз мұнда 60 жыл кейін шегініп кетіппіз. Көркем фильм болғандықтан мұнда тарихқа емес көркемдік жағына басымдық берілген екен. Әбілқайыр да,  Керей де, Жәнібек те бір халықтың өкілдері болса да  фильмде олардың киімдері әртүрлі.  Бұл алдағы уақытта ескерілуі тиіс» деген пікірін білдірді. Ал оның әріптесі, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков: «бұл фильмде қазақтың рухы бар. Қазақтың делебесін қоздыратын, сергітетін, ұлттық рух басым. Бірақ оған арқау болған 15 ғасырдың орта тұсында Қазақ емес, Алаш атауы қолданылған. Қазақ этнонимі кейірек шықты» дегенді айтты.

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті