Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бокс: «Астана арландарының» жарыс кестесі анықталды

30.12.2016

Бокс: «Астана арландарының» жарыс кестесі анықталды

Бокс: «Астана арландарының» жарыс кестесі анықталды

         Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті 7-ші маусымында өнер көрсететін «Астана арландары» 3 ақпан күні ресейлік «Russian Boxing Team» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді.
       Биыл Бүкіләлемдік бокс сериясында командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып - 3 топқа (жобаға барлығы 12 команда қатысады) бөлінді. Екі дүркін чемпион атанған  «Астана арландары» келесі жаңа маусымда жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай), Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) командаларымен бір топта өнер көрсетеді.
    Қазіргі мәлімет бойынша төмендегі боксшылар жаңа маусымда негізгі құрамда өнер көрсетеді: 49 кг: Теміртас Жүсіпов , Ермек Мадиев; 52 кг: Олжас Сәттібаев, Әнуар Мұзапаров; 56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев; 60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов; 64 кг: Ділмұрат Мижитов, Мақсат Жексенбі; 69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов; 75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров; 81 кг: Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек; 91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін; +91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско.
      Салмақ дәрежелері жылдағыдай С1 және С2 топтарына бөлінеді. С1 тобында: 49 кг, 56 кг, 64 кг, 75 кг және 91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болады. С2 тобына: 52 кг, 60 кг, 69 кг, 81 кг және +91 кг салмақ дәрежелері енеді. Маусым барысында командалар С1 және С2 топтарында кезек-кезек кездесулер өткізетін болады.                        Команданың жарыс кестесі төмендегідей:
3 ақпан «Russian Boxing Team» (Ресей) - «Astana Arlans» (Қазақстан)
«China Dragons» (Қытай) - «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)
17 ақпан «China Dragons» - «Russian Boxing Team»
«Astana Arlans» - «Uzbek Tigers»
3 наурыз «Astana Arlans» - «China Dragons»
«Uzbek Tigers» - Russian Boxing Team
17 наурыз «Astana Arlans» - «Russian Boxing Team»
«Uzbek Tigers» - «China Dragons»
31 наурыз «Russian Boxing Team» - «China Dragons»
«Uzbek Tigers» - «Astana Arlans»
21 сәуір «China Dragons» - «Astana Arlans»
«Russian Boxing Team» - «Uzbek Tigers»

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті