Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан биыл туристер үшін қызықты 52 елдің қатарына енді

05.01.2017

Қазақстан биыл туристер үшін қызықты 52 елдің қатарына енді

      Американың белді The New York Times басылымы 2017 жылы туристерге баруға ұсынылатын 52 мемлекеттің тізімін ұсынды, оның 26-ыншы орнына Қазақстан орналастырылды.
      Қазақ елінің тізімге енуіне биыл Астанада ЭКСПО Халықаралық көрмесінің өтуі ықпал еткен. «Мұнайлы мемлекеттен эко-бағытқа» деп атаған басылым Қазақстан туралы берген мәліметтің тақырыбын.

      The New York Times Боратты да тілге тиек еткен. «Борат туристік картаға белгілеп кеткен он жылдан кейін, Қазақстан Ұлы Жібек жолының мекені болуға ұмтылуда», - деп жазды олар.

       Астанада қонақүйлердің бой көтеру қарқынын атап өткен газет, елорда энергетика саласындағы келешек мәселелерді шешу мақсатында ағымдағы жылы «World Expo 2017» -ні өткізуге дайындық үстінде екендігін жазады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қазақстанның Тянь-Шань таулары да айтылған.

      Басылым туристерге баруды ұсынған 52 мелекеттің алғашқы орнында Канада, Чили, Үндістан, Швейцария, Боствана, Хорватия, АҚШ, Германия, Мексика елдері орналасқан. Басылым осы елдерде 2017 жылы болатын қызықты әрі маңызды оқиғалар, сондай-ақ көруге тұрарлық табиғи көрікті орындар жөнінде мәліметтер берген.

         inform.kz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті