Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Аламан дода алауы лаулар күн жақын

06.01.2017

Аламан дода алауы лаулар күн жақын

2_universiada_2017_1

      Универсиадаға 2 мыңға таяу спортшы қатысып, әр елдің үкілеп қосқан саңлақ­тары спорттың 12 түрінен күш сынамақ. Жарыс барысында 3 мың­ға тарта шетелдік және өзіміздің елдің еріктілері қызмет етеді. Соны­мен қатар, айтулы доданы өз көзімен көруге 30 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Сайыс телекөрсетілімдері әлемнің 80 еліне таралып, оны 1 миллиардтан астам көрермен тамашалайтын болады.

        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың халыққа кезекті Жол­дауында 2020 жылға дейін тұрғындардың 30 пайыздан астамын бұқаралық спортқа тарту туралы ерекше тоқталғаны есімізде. Осы орайда, дүбірімен дүйім жұртты ұйы­тып жатқан Бүкіләлемдік Ақ Универ­сиада-2017 ойындары қалың бұқараның назарын өзіне аударып қана қоймай, спортқа көңіл бөліп, белсене айналысуға зор мүмкіндік туғызғалы отыр. Алматы қаласының тұрғындары үшін аталмыш жарыс нағыз тарихи спорттық мереке болмақ.

       Оңтүстік астанамызда қысқы спорт түрлерінен аламан сайыс алғаш рет өтіп отырған жоқ. 2011 жылы VІІ Қысқы Азия ойындары Алматы мен Астанада ұйымдас­тырылғаны есімізде. Ол жарыс та қала инфрақұрылымының дамуына айтарлық­тай үлес қосқан болатын.

         Міне, енді Бүкіләлемдік Ақ Универ­сиада-2017 қаламызда бірталай Спорт сарайының бой көтеруіне себеп болып отыр. Алматыда әлемдік стандартқа сай салынып, қолданысқа берілген хан сарайын­дай «Halyk Arena»  мен «Аlmaty Arena» Универсиадаға ғана емес, келешек­те жалпы қала тұрғындарына қызмет ететін болады. Айталық, «Аlmaty Arena» 12 мың адамға есептелген болса, «Halyk Arena» 3 мың адамды сыйғыза алады, ал Атлетика ауылы 5 мың адамға есігін айқара ашқан. Бірақ, сол зәулім спорт кешендері кейін спортқұмар халыққа толуы үшін бағаны қалта көтеретіндей етіп қойса жөн болар еді…

       Универсиаданың қатысушыларға қайрат беретін қанатты сөзі, өзгелерден ерекшеленіп тұратын арнайы лого-белгісі, айрықша бойтұмары болуы шарт. Сол шарт бойынша елімізде тұңғыш рет өткелі отырған Универсиаданың негізі жарқын символдары болып «Құлашыңды кең серме» деген жастарымызды жігерлендіретін сөз тіркесі, биікке ұмтылуды көксеген «U» әрпінің таңбасы және қанатын жайған Сұңқар құстың суреті таңдап алынды. Жарыс жеңімпаздарына классикалық стильдегі металл қорытпасы арқылы жиек­тері ұлттық ою- өрнектермен айшықталған алтын, күміс, қола жүлделер табысталатын болады.

        Шетелдік спортшылар мен қонақтар­дың елімізге көптеп ұшып келуіне орай аймақтық және халықаралық ұшу жолына «Эйр Астана» АҚ біршама жеңілдіктер жасап, Универсиаданың басты серіктес­терінің біріне айналды. «Эйр Астана» АҚ, сонымен қатар, эстафеталық алаудың Қазақстанды аралап өтуіне де барынша мүмкіндік жасамақ. Айтпақшы, алауды үздік студенттер алып жүреді, еліміздегі жоғары оқу орындарында байқау бойынша «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» студент­тер іріктелді.

      Универсиадаға 2 мыңға таяу спортшы қатысып, әр елдің үкілеп қосқан саңлақ­тары спорттың 12 түрінен күш сынаспақ. Жарыс барысында 3 мыңға тарта шетелдік және өзіміздің елдің еріктілері қызмет етеді. Сонымен қатар айтулы доданы өз көзімен көруге 30 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Сайыс телекөрсетілімдері әлемнің 80 еліне таралып, оны 1 миллиардтан астам көрермен тамашалайтын болады.

         Қазір допинг дауы әлемдік ақпарат құралдарының назарында тұр. Сондықтан Универсиада-2017 дирекциясы FІSU меди­циналық комитетімен бірігіп, жарыс қаты­сушыларын қатаң допинг-бақылаудан өткізбек. Қадағалау-тексеру жүйесі бүкіл­әлемдік допингке қарсы кодексі мен халық­аралық сынақ стандартына сай жасалған.

         Құдай бетін ары қылсын, дегенмен, бәсеке барысында жарақат алып қалған спортшыларға жедел жәрдем көрсету қала­лық медицина орталықтарына жүктелген. Жарыс кезінде Алматының 8 стационар­лық орталығы көмекке тартылып, 30 «Жедел жәрдем» бригадасы қамтылады.

       Универсиадада ел намысын қорғайтын 227 спортшының 121-і – жігіттер де, 106-сы – қыздар. Олар еліміздің көк байрағын желбіретіп, табысты өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Денис Тен, Юлия Галышева, Роман Керч, Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша секілді спортшыларымыз алтын алады деп үміттенеміз.

       Жарыстың ашылуын білдіретін алау оты 2017 жылдың 25 қаңтарында Астана­дағы Назарбаев атындағы универ­ситеттің қабырғасында тұтанып, ақпанның 29-ында эстафеталық алаудың жабылу салтанаты Алматыда өтеді. Эстафеталық алауды елімізге танымал қоғам, мәдениет, спорт сала­сындағы белгілі тұлғалар және студент­тер алып жүретін болады.

      Жалпы, еліміз егемендік алғалы бері қазақстандық спортшылар Бүкіләлемдік студенттер ойындарына 12 рет қатысып, 44 медаль жеңіп алған (оның 18-і – алтын,13-і – күміс,13-і – қола). Қазақстанның Уни­вер­сиада тарихындағы ең жарқын жеңісі – 2015 жылы Словакия мен Испанияда өткен жарыс. Сол сында студент-спортшылары­мыз шаңғы жарысы, биатлон, фристайл секілді спорт түрлерінен 5 алтын және өзге түрлерден 6 күміс жүлдені ел қоржынына түсіріп, Қазақстан командасы FІSU-дің бейресми есебі бойынша үшінші орынды иеленген болатын.

        Ал Қазақ жерінде тұңғыш алауы жағы­латын аламанда ел спортшылары коман­далық үздік үштікке енуге күш салары хақ. Жастарымызға сәттілік тілейміз!

          Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті