Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Құрылтайға дайындық жүргізілуде

06.01.2017

Құрылтайға дайындық жүргізілуде

     Биыл жылдың жаңалығы елімізде дүниежүзі қазақтарының кезекті Құрылтайы өткізіледі. Ең бастысы ол Үкіметтің жоспарында бар. Соған байланысты «Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап, Үкіметке ұсыныс жолдағанбыз. Осының нақты жоспарын жасауымыз керек. Ол үшін ең бірінші мемлекеттік комиссия құрылғаны жөн. Құрылтай маусым айының соңында өткізілсе деп отырмыз. Мен құрылтайды алғаш ұйымдастырған уақыттан бері жұмыс жасап келемін. Әр құрылтайдың өз ерекшелігі бар. Биылғы шараның бір ерекшелігі ол «ЕХРО-2017» көрмесінің бағдарламасына сәйкес өтеді. Біздің мақсат – шетелден келген ағайындарға Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде еліміздің қандай табыстарға жеткенін көрсету. Сондықтан өткізгелі отырған құрылтайымыз жоғары деңгейде болады деп ойлаймыз. Еліміздің алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына шетелдегі ағайындар қандай үлес қоса алады деген мәселеге мән беріледі. Биылғы Құрылтай Астана қаласында өтеді. Қандастарымыздың алқалы жиынына 30-дан астам елдің өкілдері келед. Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін нақты бір бағдарламасы белгілі болады.

      Бір айта кетерлігі, Құрылтай жай ғана той-жиын емес. Ол шетелдегі ағайындарды Қазақстанға таныстыру, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына қалай атсалысатынын, үлес қосуын талқылау, оларға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Шетелдегі ағайындардың балалары Қазақстанға келіп оқуы керек. Мәдени байланысты жақсартуымыз қажет. Ең басты мәселе шетелдегі 5 миллион қазақ пен Қазақстанның байланысын қалай нығайтамыз деген сауал.

   Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, «Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

     http://anatili.kazgazeta.kz/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті