Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Димаш Құдайбергенов Қытайда Хунан телеарнасының тележарысына қатысқалы жатыр

09.01.2017

Димаш Құдайбергенов Қытайда Хунан телеарнасының тележарысына қатысқалы жатыр

Қытайдағы қандастарымыз Димаш Құдайбергеновке қолдау көрсетпек

    Қазақтың белгілі танымал әншісі Димаш Құдайбергенов Қытайда Хунан телеарнасының ұйымдастыруымен өтетін ең танымал әншілер бақ сынайтын тележарысқа қатысқалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
    Бұл туралы бүгінде Қытайда тұратын қандастарымыз әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Желі қолданушының бірі: «2017 жылғы қытайда өтетін супер қойылымға қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенов қатысатыны белгілі болды. Біз бұл қазақстандық әншіні «Дәйдидау» әні арқылы жақсы танимыз. Барлық қандастар бұл хабармен бөлісе отырып, экран алдында Димаш бауырымызға барынша қолдау көрсетіп, дауыс берейік ағайын», - деп жазады.
      Екінші бір желі қолданушысы жарыстың тікелей эфирде қашан көрсетілетінін де атап өткен. «Бұл телеқойылымның бірінші кезеңі қаңтардың 21 күні кешкі сағат 22:30-да (жергілікті уақытпен - автор) "Хунан" телеарнасында көрсетіледі. Қайда жүрсекте өз бауырларымызға демеу болайық. Қазақ әні миллиардтарды тамсандырсын, тек қана алға! Біз саған жеңіс тілейміз Димаш», - деп жазады.
          Автор: Күнсұлтан Отарбай

         http://www.inform.kz/kz/kytaydagy-kandastarymyz-dimash-kudaybergenovke-koldau-korsetpek_a2986819 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті