Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытай Алматыға өзінің Қысқы универсиада тарихындағы ең үлкен спортшылар делегациясымен қатыспақ

10.01.2017

Қытай Алматыға өзінің Қысқы универсиада тарихындағы ең үлкен спортшылар делегациясымен қатыспақ

         Қытай құрамасының қатарына 119 спортшы студент кіріп отыр, олар Универсида-2017 ойындарында 12 қысқы спорт түрлері бойынша медальдер үшін күреспек.

         2017 жылдың 5 қаңтарында Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы студенттік ойындарға қатысатындардың есімдері жарияланды. Қатысушылар Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде орналасқан 17 университеттің студенттері болып табылады. Қытай Қысқы универсиада ойындарына қатысып отырған бүкіл тарихында ең көп спортшы санын осы студенттік спорт делегациясы құрамында жіберіп отыр.

        Қытайдың Студенттік спорт федерациясы спортшыларының әлеуетін жоғары бағалап, мықты құрама жиналды деп айтуда. Қытайлықтар Алматыдағы Қысқы универсиада кезінде 60-тан аса спорт жарысына қатысатын болады.

        Универсиада-2017 ойындарындағы Қытай спорт делегациясының басшысы Янг Лигуо спорттағы жетістіктермен қатар, әртүрлі елдердің жастары арасындағы достық қатынас аса маңызды екенін, сондай достықтың іргетасы Универсиада-2017 кезінде қаланатынын атап өтіп, спортшыларға ақ жол тіледі.

        «Біздің спортшылар Қазақстан мәдениетімен танысып, шетелдік қатысушылармен достық байланыстарды орнатады деп үміттенемін. Қабылдаушы жақ күнде дерлік бірлескен кездесулерді ұйымдастыратындықтан, түрлі елдерден келген жастар бір-бірімен достасып кетеді деп үміттенеміз», - деді Янг Лигуо.

      Студенттер спорттағы белсенді ұстанымы арқылы Қытайдың 300 миллионнан аса тұрғынын шаңғы мен конькиді үйренуге жігерлендірмек. Универсиада-2017 қатысушылары өз еліндегі колледждер мен университеттерде қысқы спорт түрлерін насихаттауды жалғастырады. Қытайдың Студенттік спорт федерациясында спортшылардың осы идясын қолдай отырып, ел аумағындағы оқу мекемелерінде қысқы спорт түрлері бойынша жарыстарды жиі өткізіп тұрмақ. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті