Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талғат Мамашев Ресейде 2016 жылы ең үздік жас шығармашылық қайраткері атанған Ермек Хапизовты қабылдады

10.01.2017

Талғат Мамашев Ресейде 2016 жылы ең үздік жас шығармашылық қайраткері атанған Ермек Хапизовты қабылдады

Катюшка Ширшова суреті.

    Алматыда 9 қаңтар күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 2016 жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған омбылық дизайнер Ермек Хализовты қабылдады.

            Халықаралық суретшілер федерациясының, Ресей суретшілерінің шығармашық одағының мүшесі Ермек Хапизов  1992 жылы 12 маусымда Омбы қаласында дүниеге келді. Алғашқы кезде спортпен әуестеніп жүрген ол 14 жасынан бастап дизайн және сән өнеріне бет бұрып, 19 жасында Мәскеуде әйгілі өнер жұлдыздарына арналған бірегей киім үлгілерін тіге бастады. Мәскеу, Қазан, Саратов, Владивосток, Омбы сияқты қалаларда өткен түрлі деңгейдегі ресейлік және халықаралық байқауларында бақ сынап, өнерімен оза шапқан ол бүгінде туған қаласында жеке сән үйін ашуға қол жеткізіп отыр.

      Өнерге деген ынтызарлығы жас дизайнерді өз ісін ұстаздық қызметпен қатар алып жүруіне еш кедергі бола алмауда. 

     Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті