Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Италия студенттері Алматыдағы қысқы универсиада ойындарында командалық есепте үздік ондықтың қатарына енуден дәмелі

11.01.2017

Италия студенттері Алматыдағы қысқы универсиада ойындарында командалық есепте үздік ондықтың қатарына енуден дәмелі

         Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға Италияның спорт делегациясы құрамында 62 спортшы қатысады. Команда Италияның Шаңғы спорты федерациясының қатаң бақылауымен халықаралық қысқы ойындарға дайындық жүргізді.

       Италияның спортшылары тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, биатлон, сноуборд, фристайл және конькимен жүгіру спорты, шорт трэк және мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлерінде ойын көрсетеді. Алматыдағы Универсиада-2017 кезінде 12 қысқы спорт түрінен барлығы 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

        Италия спортшылары дәстүрлі түрде тау шаңғысы және конкьимен жүгіру спорты, фристайл жән мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлерінде мықты саналады, сондықтан осы жарыстарда жоғары марапаттар үшін күресетін болады. Италияның жастары Универсиада-2017 кезінде жалпы командалық есепте үздік ондықтың қатарына енуден дәмелі. Алдыңғы Универсиадаларда Италия осындай жоғары рейтингке жетіп, ойындарға қатысып отырған бүкіл кезең ішінде сол орнын сақтап келеді.

        Италия құрамасының делегация басшысы Еугенио Меччи өз спортшыларының басты қарсыластары ретінде Швейцария, Франция және Австрияны атап отыр.

        Универсиаданы өткізіп отырған Қазақстан елі италиялық спортшыларға біршама таныс. Бірнеше жыл бұрын Италия Студенттік спорт қауымдастығының спортшылары мен өкілдері Қазақстанда конькимен жүгіру спортынан өткен халықаралық жарыстарға қатысқан болатын. Дегенмен, Италия делегация мүшелері Алматыдағы Универсиада-2017 ойындарына сапарын асыға күтуде.

       Италия спортшылары Алматыдағы жарыстарға қатысатын барлық елдердің ойыншыларына ‘’BUONA FORTUNA” деп сәттілік тіледі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті