Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда дайындық бөлімінде оқитын диаспора өкілдерінің мәселесі талқыланды

17.01.2017

Алматыда дайындық бөлімінде оқитын диаспора өкілдерінің мәселесі талқыланды

   Алматыда 16 қаңтар күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы (ДҚҚ) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті «Дайындық бөлімінде оқитын тыңдаушылардың оқуы және тәртібі» атты кездесу ұйымдастырды. Оған  ДҚҚ Талдау орталығының директоры Гүлғазира Балтабаева, ДҚҚ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ботагөз Уатқан, ДҚҚ сайтының редакторы Ерлік Ержанұлы, ДҚҚ Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбек, Алматы қалалық көші-қон полициясының аға инспекторы Данияр Еденов, Алматы қалалық көші-қон басқармасының бас маманы Ұсабек Оразхан, Университеттің халықаралық қатынастар  бөлімінің маманы Мерей Есім,  Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Марат Болысбекұлы, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Молдахмет Мырзабеков қатысып тыңдаушылардың виза, тұрақты және уақытша тіркеу, азаматтық алу мәселелеріне қатысты түрлі сұрақтарына жауап берді.          

     Кездесудің модераторы болған Марат Болысбекұлының айтуынша, мұнда 5 жыл бұрын бізде шетелден келетін қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 150 болатын. Былтыр ол 100 адамды құрады. Өйткені жастар саны көбейіп, 14 облыста дайындық бөлімдері ашылды. Бүгінде олар Алматыдан басқа Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Көкшетьау, Қызылжар, Павлодар, Семей, Өскемен, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Талдықорған қалаларында жұмыс жасап жатыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті