Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Халифа Алтайдың 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі

17.01.2017

Халифа Алтайдың 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі

        25 желтоқсанда түркі әлеміне кеңінен  танымал дін ғалымы Алтай Халифа Ғақыпұлының (25.12.1917 Қытай – 15.08.2003 Қазақстан)  100-жылдық мерейтойы атап өтіледі.

         Алтай Халифа Ғақыпұлы  – қазақ халқының көрнекті қайраткері, қасиетті «Құран Кәрім» кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш аудармашысы және 1989-1990 жылдардағы баспагері, дінтанушы, исламтанушы, жазушы, ақын, антрополог, тарихшы, этнограф, түріктанушы, аудармашы, қоғам қайраткері, «Алаш» сыйлығының алғашқы иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Түркістан» газеті редакция алқасының мүшесі, Дүниежүзі қазақтары І  құрылтайының делегаты.

         Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Халифа Алтай Түриядан атажұртқа оралды.

     Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылтайшыларының бірі әл-Машани: «Осы аударма мен оның түсініктемелерінен басқа еш нәрсе жазбаған күннің өзінде,  Халифа Алтай қажыны ірі ғұлама-ғалым қатарында тануға болар еді», – деп бағалалаған болатын.

         «Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы осы мерей тойға байланысты дайындық жұмысының іс-шараларын бастады. Солардың қатарында, «Ғылым Ордасының» кітапханасымен бірігіп «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясында «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітапті өндіріске дайындауда.
          Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты конференцияға өтініш қабылданады.

     Фотосурет көрмесі мен Халифа Алтай туралы деректі фильм дайындалуда. Сіздерден Халифа Алатай туралы естеліктер күтеміз.

     Бірқатар іс-шараларды шетелдердегі қазақ диаспорасы ұйымдастырады.

         Халифа Алтайдың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға халықаралық деңгейде лайықты атап өтуге баршаңызды бір кісідей атсалысуға шақырамыз.

     Анықтама: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылды.

    2016 жылы тамызда  Алматы қаласының Әділет департаменті «Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.  Қамқоршылық кеңес қоғамдық қор басқармасының төрағасы етіп Халифа Алтайдың ұлы Алтай Абдуррахимді сайлады.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті
Байланыс тел.: 8 701 311 41 31, 8 702 220 19 84

E-mail: rahat.kape@mail.ru 

Ақпараттық қолдау: www.qazaq-alemi.kz    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті