Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Универсиада-2017. Қазақстан құрамасы командалық есепті екінші орынмен аяқтады

09.02.2017

Универсиада-2017. Қазақстан құрамасы командалық есепті екінші орынмен аяқтады

      Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 11 алтын, 7 күміс және 17 қоламен жалпы есепте екінші орынға тоқталды.

       Ал 29 алтын, 27 күміс және 15 қола, жалпы саны 71 медаль алған Ресей құрамасы жарысты бірінші орынмен аяқтады. Үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшылары түйіндеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар.

      Ел құрамасы бұған дейін 36 медаль алып көрмеген. Осылайша Универсиада тарихындағы өз көрсеткішін үш есе жақсартты.

        Соңғы рет Испанияның Гранада қаласында өткен жарыста жерлестеріміз бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алған болатын. Алайда, бұл көрсеткіш Алматыда өткен Универсиаданың төртінші күнінде-ақ жаңарып үлгерді. Бұл күні спортшыларымыз алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль алған болатын.

         https://www.egemen.kz/2017/02/08/99875

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті