Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шетелден келіп Қазақстанда PHD докторлығын қорғаған қазақ жастары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас қосты

13.02.2017

Шетелден келіп Қазақстанда PHD докторлығын қорғаған қазақ жастары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас қосты

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбектің ұйымдастыруымен 13 ақпан күні Қазақстанда PHD докторлығын қорғаған шетелден келген қазақ жастары Алматыда бас қосып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен кездесті. 

     

     Онда жалпы, орта, арнаулы, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мәселелері, ғылымды меңгеру, дайындық бөлімінде оқу, азаматтық алу мәселелері жан-жақты сөз болды. Т.Мамашев сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның көші-қон саясаты мен түрлі салаларға қатысты заңнамаларына өзгерістер мен түзетулер енгізудің жай-күйін және алдағы жаз айында жоспарланып отырған Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайын ұйымдастыруға дайындықтың барысымен таныстырды.

Пікір қосу

Пікірлер

14.02.2017 - Жексен
Үлкен істің бастамасы.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті