Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысатын делегаттарға қатысты ұсыныс қабылдау рәсімі аяқталды

16.03.2017

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысатын делегаттарға қатысты ұсыныс қабылдау рәсімі аяқталды

      Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысқысы келетін, шетте жүрген атақ-мансабы бар қандастарымыздың аты-жөнін беруге ұсыныстар алу туралы хабарламаны үстіміздегі жылы қаңтар айының 10-ы күні осы фейсбук – әлеуметтік желісінде жариялаған едік. Соның нәтижесінде түрлі елдерден және жеке азаматтардан көптеген ұсыныстар келіп түсті. Өзін өзі ұсынған ағайындар да бар. Тізім негізінен бітті. Сондықтан бүгіннен бастап аталмыш ұсынысты қабылдау тоқтады. 

      40-тан астам елдегі  қазақ диаспорасының 350 және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрк кеңесі, Қыпшақтар қоғамы, Әзербайжанның диаспора ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті, Әлем моңғолдары конгресі, Өзбекстанның ұлтаралық мәдениет орталығы) өкілдері шақырылады. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, облыстардан, Үкімет пен Парламенттен және  түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады. 

      Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ.

      Құрылтай Астанада маусым айының 22-25-і күндері өтеді.
     Құрылтайдың дайындық жұмысына сәттілік тілеймін және де ұсыныстар беріп, ой бөліскен, белсене қатысқан барлық ағайындарға алғысымызды білдіреміз.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті