Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының аймақтық филиалдары басшылары кеңесі өтті

23.01.2018

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының аймақтық филиалдары басшылары кеңесі өтті

   

    Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы (Қауымдастық) Төрағасының бірінші орынбасары – «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Зауытбек Тұрысбековтың Қауымдастықтың аймақтық филиалдар басшыларымен кеңесі өтті.

      З.Тұрысбеков жиналғандардың назарын Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелері мен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шетелдегі отандастарды қолдау бойынша Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысына ерекше аударды.

     

    Зауытбек Тұрысбеков Қауымдастықтың ағымдағы жұмысына жан-жақты тоқталды. Соның ішінде, ол Президенттің тапсырмасына сәйкес Қауымдастықтың орталық кеңсесі Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылғаны, Қауымдастықтың кешенді даму бағдарламасы әзірленіп, оныңшетелдегі отандастарды қолдау бойыншаҮкіметпен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі едәуір  белсендетілгені туралы хабарлады.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп шетелдегі қазақ диаспоралар қызметінің өзекті мәселелеріне мониторинг жүргізілді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қазақстанның жоғары оқу орындарының даярлық бөлімдеріне қазақ диаспорасы үшін білім беру тапсырысы бекітіліп, отандастарымызды оқыту квотасы артылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп «Отандастар» Қорын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, «Туған тіл» журналын шығару, сондай-ақ, шетелдегі қазақ авторларының әдеби туындыларын шығару мен тарату бойынша жұмыс жалғасуда.

      Қазіргі таңда шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына бірігіуін күшейту және бизнес пен талантты жастарды тарту мақсатында «Поляктың картасы» белгілі поляк жобасының ұқсастығымен «Қазақтың картасын» енгізу мүмкіндігі зерттелуде. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен шетелдегі қазақтар туралы«Ғұмыр Дәрия»атты фильмдер топтамасын және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы әлеуметтік роликтерді шығару басталды.

     Сонымен қатар, Қауымдастықтың бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысында сәтті іске асқан «Асар» бағдарламасының ұқсастығына қарай солтүстік аймақтарда «Тұрғын үй+жұмыс» жаңа үлгідегі ауыл тұрғын үй кешендерін салу жобасын жүзеге асыру және отандастарды қолдау жұмысына үлес қосқаны үшін моральдық көтермелеу жүйесін әзірлеу жөнінде жоспарларымен бөлісті.

     Кеңес барысында Қауымдастықтың аймақтық басшыларының есептері мен олардың келешекке арналған даму жоспарлары тыңдалды. Елбасы –Қауымдастықтың төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын, сондай-ақ ұйымның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру арнасында Қауымдастықтың аймақтық филиалдардың жұмысын белсендету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

           Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Баспасөз қызметі 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті