Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Зауытбек Тұрысбеков академиялық, шығармашылық топтардың көрнекті өкілдерімен кездесті

23.01.2018

Зауытбек Тұрысбеков академиялық, шығармашылық топтардың көрнекті өкілдерімен кездесті

   

     Астана қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы (ДҚҚ) Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың бастамасымен  және  академиялық, шығармашылық топтардың көрнекті өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткен болатын. Жиын барысында шетелдегі отандастарымыз бен тарихи атамекеніне қайта оралған оралмандарға қолдау білдіру мақсатында ДҚҚ қызметін жүзеге асыруға және жұмысты белсендіруге байланысты сындарлы ой-пікірлер ортаға салынды.

     Зауытбек Тұрысбеков жиында бас қосқан зиялы өкілдердің назарын ДҚҚ-ның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына аударды.  Елбасы Н.Ә.Назабаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы аталған бағдарламалардың және Елбасының Дүниежүзі қазақтарыныңV Құрылтайында берген тапсырмаларының негізінде ДҚҚ өз қызметін жүзеге асыратынын нақтылай түсті.

    Осыған байланысты З. Тұрысбеков жиынға қатысушыларды  ҚР Президентінің тапсырмасымен, шетелдегі және еліміздігі этникалық қазақтарға қолдау білдіру мақсатында «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам құру туралы ҚР Мемлекеттік Қаулысымен, сонымен қатар, жақын арада ДҚҚ орталық кеңсесін Алматыдан Астанаға өзгертуді қамтамасыз ету  жайлы да ақпарат беріп өтті.

     Жиналған қауымның ерекше қызығушылығын оятқан-отандастарымызды қолдаудың жаңа кешенді бағдарламаласы болды. Бағдарлама аясы өз кезегінде жаңғыруды және ұйымның жаңа институттық негіздерінің қалыптасуын болжайды, ДҚҚ шетелдік отандастарымызға қолдау көрсетуді мемлекет және мемлекеттік органдармен өте тығыз байланыста жұмысатқарады. Шетелдегі қазақтарды тарихи отанымен біріктіру мақсатында  дарынды жастарды және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту сынды жаңа тәсілдер жүзеге асырылатын болады. Осындай қадамдардың бірі ретінде отандастарымыздың елімізге емін-еркін визасыз кіріп, ҚР аумағында кәсіптерін дөңгелетуге және білім беру, медицина салаларындағы қызметтерді пайдалануы үшін  «Қазақ картасы» деп аталатын бастама енгізілгелі жатыр. ДҚҚ тағы бір жаңашылдық ретінде солтүстік өңірде  тұрғын үй кешенін жоспарлап, «Үй+жұмыс» жобасының жаңа форматын ұсынды. Аталмыш жоба Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің жемісті нәтижесін берген «Асар» бағдарламасының баламасы болып табылады. Сонымен қатар, ДҚҚ Бірінші орынбасары «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқаттық қоры» АҚ қаржылық демеушілігімен «Ғұмыр Дәрия» деген атауда көптеген жетістіктерге жеткен әрі танымал шетелдегі және елімізге қайта оралған қандастарымыздың өмірі туралы фильм жарық көретінін және де қазақ халқының тарихы, төл мәдениеті  және салт-дәстүрлері туралы әлеуметтік роликтер де түсірілетінін хабарлады.

    Дөңгелек үстел барысында қатысушы өкілдер ДҚҚ бастамаларын қолдап қана қоймай, ұйымның болашақта атқаратын жоспарларына өз ұсыныстарын да білдірді. Жекелеп айтқанда, ДҚҚ жанынан Қоғамдық кеңес құруды және де оралмандардың әлеуметтік бейімделуінде кедергі келтіретін өзекті мәселелерін анықтау үшін ғылыми орталықты құруды ұсынды.

       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Баспасөз қызметі 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті