Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүшелікке үндеу

30.01.2018

Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүшелікке үндеу

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.  Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шет елдерде тұратын қандастарымызды қолдау және атажұртқа оралған ағайындардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне барынша жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар бергені белгілі.

     Осыған орай, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қауымдастықтың орталық кеңсесі Алматыдан Астанаға көшірілді. Қазір Қауымдастық бөлімшелерін еліміздің көптеген  облыстары менқандастарымыз шоғырлана қоныстанған шет елдердің барлығында  ашу мәселесідежүйелі түрде іске асырылуда.

      Елбасы: «Әлемге тарыдай шашылған қазақтың жалғыз Отаны бар, ол Тәуелсіз Қазақстан!»деп ашық айтқан болатын. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Жолдауының да өзегі осыған саяды. Олай болса әлемдегі бар қазақтың қара шаңырағы Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы.Ал қазақтың тілін, дінін, сал-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қаймағын бұзбай сақтап, келешекұрпаққа табыстауда бәріміздің ортақ борышымыз. Әрі бұл«Мәңгілік ел» болуымыздың басты кепілі болмақ. Ендеше, жүрегі қазақ деп соғатын әр азаматтың осынау ұлы мақсатты жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылып, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүше болуға шақырамыз.

     Ұлттық тұтастықты сақтайтын осы тектес ұйымдар өзге де дамыған елдерде бар, біз солардан тәжірибе алуымыз керек.

         Байланыс телефондары: 8 (7172) 50 07 06, 50 06 99

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті