Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Европа қазақтары

Европа қазақтары

Батыс Еуропадағы бірқатар елдерде де қазақ диаспорасының өкілдері өмір сүріп келеді. Бұндағы қазақтардың алғашқы легі 1961 жылы Германия мен Түркия арасында қол қойылған «еңбек миграциясы» туралы келісім-шарт бойынша 1962 жылдан бастап Түркиядан Германияға қоныс аударған.  Түркиямен сондай келісім-шарттар ол кезде еңбек күшіне мұқтаж басқа Еуропа елдерімен де жасалған. Сол еңбек миграциясы келісім-шарттары негізінде қазақтар тағы Түркиядан сол 1960 жылдардың алғашқы кезеңдерінен бастап, 1970 жылдардың аяқ шеніне дейін Германияға қоса Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания және Швецария сияқты Батыс Еуропа елдеріне көшіп барған. Осылайша Еуропа елдерінде қалыптасқан қазақ диаспорасының қатары 1980 жылдары Түркиядағы қазақтардың өз беттерінше Голландия, Франция, Ұлыбритания және Австрия сияқты елдерге қоныс аударуымен толыға түскен.

Жалпы алғанда Еуропада тұратын қазақтар екі топтан құралады: бірінші топтағылар 1950 жылдары Қытайдың Шыңжаң аймағынан «бұрынғы Шығыс Түркістан» Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жоғарыда аталған еңбек миграциясы арқылы Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады. Сан жағынан аздау келетін екінші топқа кіретіндер: 1920 жылдардың аяғына таман Қазақстанда жүргізілген советтендіру саясатының салдарынан елдерінен кетіп Ауғанстан және Иранға көшкен әсіресе, 1980 жылдардан бастап тағы Түркия мен Иран арқылы Еуропаға келген қазақтар мен олардың  ұрпақтарынан құралған.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті