Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Иран қазақтары

Иран қазақтары

Жаңадан құрылған Гүлістан облысының орталық қаласы Горган болып отыр [3]. Гүлістан провинциясы Каспий теңізінің оңтүстік шығысында орналасқан. Солтүстікке қарай Түрікменстанмен, оңтүстікте Иранның Семнан провинциясымен, шығысында Хорасан және батысында Мазандаран провинциясымен шектеседі. Сонымен қатар үш таулы аймақ, жазықты жерлері бар. Қазіргі қазақтар тұратын Гүлістан провинциясының жалпы көлемі 22,000 км2. 2002 жылғы санақ бойынша Гүлістан елді мекенінің халқы шамамен 1 600 000 адамнан тұрады, оның ішінде 58,7% қала тұрғыны, ал 41,3 % ауыл тұрғыны, аталған провинция 11 қала, 18 кішігірім қала, 16 аудан және 45 шағын ауылдардан тұрады.

Гүлістан провинциясында тұратын қазақтар үш қалада орналасқан: Горган, Бендер-Түрікмен және Гомбед-Кабус қалалары. Горган қаласы Гүлістанның орталығы, жалпы көлемі 16152 км2 жерді алып жатыр, халқының саны – 358 877 адам. Географиялық  құрылысы биіктікте орналасқандықтан ауа-райы құбылмалы, таудың шыңдарында салқын, тау самалы мен ылғалдылығы тау етегімен орталық аймағында ауысып тұрады. Осы аймақта қазба жұмыстарының нәтижесінде өте ежелгі заманғы провинцияның әр түрлі тарихи кезеңдеріне жататын ескерткіштері табылған [4].

Горганнан кейінгі екінші  маңызды қала  болып саналатын Гомбед-Кабус қаласы. Ол Горган өзенінің сол жағалауында, ежелгі қала Горган немесе Джурджандтқа жақын орналасқан. Осы қаланың негізгі халқы болып түрікмендер саналады. Гомбед-Кабуста күріш, мақта тазалайтын және май жасайтын заводтар орналасқан. Қала тұрғындарының саны тез өсуде. 1956 жылғы санақ бойынша тұрғын халықтың саны 18 747 адам болса, 1966 жылы 40 807 адам, 1971 жылы 55 000 адамға жетті» [5]. Қазіргі кезде бұл қала 5 071 км2 жерді алып жатыр және 275 649 тұрғыны бар. Гомбед-Кабус қаласының ежелгі тарихи және туристік көрнекті жерлері бар.

Тағы бір қазақтар тұратын белгілі қалалардың бірі – Бендер-Түрікмен. Бұл қала Гүлістан  провинциясының батыс бөлігінде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, аумағы1 576 км.кв., халқының саны 121 533 адам, көпшілігі-түрікмендер. Теңіз жағасындай әдемі көрінісі бар, әр түрлі жеке қолөнері дамыған қалалардың бірі. Сан ғасырлық тарихы бар Иран мемлекеті–көп ұлттар, халықтар, әр түрлі діндер мекені болып саналады. Гүлістан провинциясының халықтарының тілі, діні әр түрлі, сонымен қатар Гүлістан провинциясының, жалпы Иран мемлекетінің тұрғындары бейбітшілік пен татулықта өмір сүреді. 

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті