Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Керей ауылы

Керей ауылы

Ресейдің Алтай өлкесі, Құлынды ауданындағы бірден бір сақталып қалған қазақ ауылы, 100 жылдан аса тарихы бар - Керей елді мекені. Ауылда 1925 жылы қазақ тілінде ашылған Қаракөл мектебі жұмыс жасайды. Онда Алтай өлкесі бойынша қазақ тілінде жабдықталған «Атамекен» атты өлкетану мұражайы бар. Мұражайда Керей ауылының кешегі мен бүгінгісін, мектептің 80 жылдан аса тарихын паш ететін құжаттар мен деректі материалдар жинақталған. 1988 жылы мектеп ішінде бүкіл Одақ көлемінде таза қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақша ашылған.

Білім ордасы Керей ауылының, Құлынды даласының даңқын асқақтатып жүрген түлектерімен әйгілі. Олардың арасында: академик, еңбегі сіңген архитектор, халық архитекторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Монтахаев Қалдыбай, ғылым докторы Тамаева Б.Г, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Канленов М.Г., Павлодар өңірінде әр салада қызмет етіп, жоғары оқу орындарында дәріс беріп жүрген жүрген ұстаздар, оқытушылар, мектеп директорлары бар.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті