Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Париждегі Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы

Париждегі Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы

     2013 жылдың мамыр айының 18-інде Парижде Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы өз жұмысын бастады. Құрылтай мақсаты – Еуропадағы қандастарымыздың басын қосып, еліміздің тыныс-тіршілігімен таныстыру, онда тұратын қазақ бауырлармен мәдени-рухани байланыс орнату. Кіші Құрылтайға 10 елден келген делегаттар қатысты. Олардың ішінде: Еуропа мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түрікменстан және т.б. елдер бар. Алқалы басқосуға еліміз тарапынан ДҚҚ Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев бастаған 20 делегат қатысты.

      Құрылтай мамырдың 18-інде футбол мен қазақ күресі және қыздар арасындағы волейбол бәсекесімен басталды. Ал, 19-ы күні «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, академик  Ғ. Есім жүргізді. Дөңгелек үстелден кейін басқосу кітап көрмесіне жалғасты.

      Мамырдың 19-ында түстен кейін Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатында ДҚҚ-ның Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев, Еуропадағы қазақ мәдени қоғамдары федерациясының төрағасы А.Кесижи, Франция қазақтары тарапынан А.Гулен және т.б. сөз сөйледі. Т.Мамашев өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кіші Құрылтай қатысушыларына жолдаған хатын оқып, ыстық сәлемін жолдады. Сонымен қатар, Т.Мамашев А.Кесижиге Елбасы атынан құрмет грамотасын табыстады. Жиын соңы қазақ өнер жұлдыздары өнер көрсеткен концерттік бағдарламаға ұласты. Онда Астана мемлекеттік филармониясының әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші А. Жорабаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бөлім жетекшісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әртіс С. Абдыкалыков, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Өнер орталығының жетекшісі, күйші, Мәдениет қайраткері Ерген Еркін және т.б. өнер көрсетті.

      Келесі күні футбол додасы бойынша жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі өтті. Мамырдың 20-сында қонақтар үшін Париж қаласында экскурсия ұйымдастырылды. Мамырдың 21-інде Т.Мамашев бастаған делегация елге оралды.

     Кіші Құрылтай «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының демеушілігімен, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен өтті.  

      23 мамыр 2013 жыл

      // ДҚҚ-ның ағымдағы мұрағаты

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті