Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | Анкарада Түркі кеңесі диаспора мәселелеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының II жиыны өтті

Анкарада Түркі кеңесі диаспора мәселелеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының II жиыны өтті

Түркия Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Шетелдегі түріктер және туыстас қоғамдар басқармасында өткен жиында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің лауазымды тұлғалары бас қосты. Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы төрағалық еткен отырысқа ТҮРКПА Бас хатшысы Рамил Хасанов және ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ та қатысты. Жиынның алдында делегациялар Ататүріктің кесенесіне зиярат жасап, гүл шоқтарын қойды. Жиын барысында Түркі кеңесі Түркітілдес диаспораның ортақ әрекет стратегиясы қабылданды. Бұл құжатқа Әзірбайжан Республикасының атынан Диаспорамен жұмыс бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Назим Ибрагимов, Қазақстан Республикасының атынан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қырғыз Республикасының атынан Қырғызстанның Түркиядағы Елшісі Ермек Ибраимов, Түркия Республикасының атынан Премьер-Министрдің орынбасары Бекир Боздағ қол қойды. Стратегияда диаспоралардың құқықтарын қорғау, тұрып жатқан елдерiнде әлеуметтiк және саяси белсендiлiктерiн арттыру, сонымен қатар олардың тарихи отандарымен байланыстарын күшейту және тарихи отандарының мүддесiн қорғайтын тетiкке айналдыру мақсаттарына жетудiң жолдары қарастырылған.

 

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті