Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Фото-мұрағат

Басты бет | Фото-мұрағат | ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР КЕҢЕСІ ФОРУМЫ БАКУДЕ ӨТТІ

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР КЕҢЕСІ ФОРУМЫ БАКУДЕ ӨТТІ

Түркітілдес мемлекеттер кеңесіне мүше елдердің диаспора істеріне жауапты министрлер мен ұйымның төрағалары Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында бас қосты. Алғаш рет өткен бұл форумға әлемдегі 44 елден түрік, әзірбайжан, қазақ, қырғыз ұлттарының 500-ден астам диаспора өкілдері, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан диаспора мекемелерінің төраға және жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалары  қатысты. Форумда Әзірбайжан Елбасы Илхам Алиев, Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,Түркия Елбасы Абдуллах Гүлдердің құттықтау хаттары оқылды.Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжының бағалауынша, әлемде түрік диаспораларының саны көп, алайда, олардың ықпалы әлі де болса аз екендігін, мақсаттарының  әлі де күшею екенін атап көрсетті. Күні бұрын хабарлағанымыздай, бұл форумға Қазақстан атынан  65 адамды құрайтын делегация барып қатысқан болатын. Оның ішінде 19 елден келген 45 қазақ диаспорасының өкілдері және Республикамыздан 20 адам барып қатысты. Форумға Қазақстан тарапынан барып қатысатын делегация құрамын ұйымдастыру жұмысымен бастан-аяқ Дүниежүзі қазақтары қауымдасытығы айналысты. Елімізге танымал қазақ диаспорасының белді өкілдері, танымал өнерпаздар мен тілшілер қауымынан басқа елімізден барған делегацияны Еуропада отырған 10 қазақ-мәдени қоғам басшылары мен Ресейдегі қазақ-мәдени қоғамның өкілдері құрады. Форум аясында қонақтар шейіттер ескерткіші, түрік әскерлерінің құрметіне арнап салынған ескерткіш кешеніне барып зиярат етті. 44 елден келген қонақтар Бакудың «Гүлстан» сарайында өткен мәжіліс, форум іс-шараларына ықыласты зейінмен қатысты. Форум қонақтарына ұйымдастырушылар тарапынан  "Бута" сарайында қонақасы берілді. Қазақстаннан барған өнерпаздардың да осы жерде өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік болды. Түркітілдес мемлекеттер кеңесінде осы форум болашақта араға 2 жыл салып, дәстүрлі түрде өткізіп тұру жайлы сөз болды. Бір күндік форум аяғында Түркі әлемі диаспорасының ортақ ынтымақтастығына бағытталған Баку декларациясына қол қойылды.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті